Архивы Шындық - NoFake

Сайлау алдындағы дебат: кандидаттар не айта алады, неге тыйым салынған
Сайлау науқаны кезінде кандидаттардың теледебатқа қатысуы қоғамда жиі талқыланады. Кейбір желі қолданушылары дебат барысында кандидаттар бір-бірін ашық сынай алады десе, енді бірі мұндай пікірталастың қатаң талаптары бар екенін айтады. Дебат қалай өтеді, оған кім қатысады және кандидаттарға не айтуға рұқсат етіледі? Nofake.kz заң талаптарын зерттеп көрді.

Желі қолданушылары не дейді?

Әлеуметтік желіде елімізде партия кандидаттары арасында өтіп жатқан дебаттар жиі талқыланады. Олардың кейбірі оны қалай, қайда өткізу қажеттігін сұраса, енді бірі кандидаттардың не айту қажеттігін жазады.

Скриншот: әлеуметтік желіден

Сонымен, сайлауалды дебат деген не және онда кандидаттар не айтуы тиіс? Төменде тарқатамыз.

Дебат дегеніміз не?

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, сайлауалды үгіттің бір түрі – көпшілік алдында өткізілетін сайлауалды іс-шаралар. Оларға жиналыстар, кандидаттармен және олардың сенімді өкілдерімен сайлаушылардың кездесулері, жария сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстар (дебаттар), митингілер, шерулер, демонстрациялар және өзге де сайлауалды іс-шаралар жатады.

Яғни, дебат – кандидаттардың немесе саяси партиялардың өз бағдарламаларын таныстырып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беретін және өз ұстанымдарын түсіндіретін жария пікірталасы.

Дебатты кімдер ұйымдастырады?

Республикалық теледебаттарды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен айқындалады. Орталық сайлау комиссиясы дебаттың өтетін күні мен уақытын, қатысушылар құрамын, эфир регламентін және модераторды жеке қаулымен бекітеді.

Кандидаттарға не айтуға болады?

Конституциялық заңның 27-бабының 1-тармағына сәйкес, сайлауалды үгіт азаматтарды белгілі бір кандидатқа немесе саяси партияға дауыс беруге ынталандыру мақсатында жүргізіледі.

Сондықтан дебат барысында кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сайлауалды уәделерін түсіндіре алады, сондай-ақ қарсыластарының бағдарламаларын саяси тұрғыдан бағалай алады. Одан бөлек, кандидаттар сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп,

өз ұстанымдарын дәлелдеп, пікірін еркін білдіре алуы тиіс.

Кандидаттарға қандай әрекеттерге тыйым салынады?

Дебат кезінде де заң талаптары сақталуға тиіс. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 5-тармағына сәйкес, сайлауалды үгіт жүргізу барысында әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға, билікті күшпен басып алуға немесе конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған үгіт жүргізуге жол берілмейді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 3-тармағына сәйкес:

«Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді».

Осыған байланысты дебат барысында алауыздықты қоздыруға, зорлық-зомбылыққа шақыруға, Конституцияға қайшы үндеулер жасауға, заңмен тыйым салынған үгіт жүргізуге болмайды.

Кандидаттар бір-біріне сынай ала ма?

Конституциялық заң кандидаттардың өзара пікірталас өткізуіне тыйым салмайды.

Алайда айтылатын мәліметтер шындыққа сәйкес болуы, ал сын заң мен этика талаптары аясында айтылуы тиіс. Егер дебат барысында жалған ақпарат таратылып, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтірілсе, мұндай әрекеттерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілуі мүмкін.

Дебатқа қатысу міндетті ме?

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда кандидаттардың дебатқа міндетті түрде қатысуы туралы талап көзделмеген. Дебатқа қатысу тәртібі әрбір сайлау науқанына арналған Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен айқындалады. Онда кандидаттың өзі немесе регламентте көзделген жағдайда оның сенімді өкілі қатысуы мүмкін.

Түйін

Сайлау алдындағы дебат – Конституциялық заңның 27-бабына сәйкес көзделген сайлауалды үгіттің заңды түрлерінің бірі. Оның мақсаты – кандидаттардың бағдарламаларын таныстырып, сайлаушыларға өз ұстанымдарын түсіндіру. Дебат барысында пікірталас жүргізуге, бағдарламаларды салыстыруға және қарсыластардың саяси ұстанымдарын сынауға болады. Алайда Конституциялық заңның 28-бабының 5-тармағы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарды бұзуға, алауыздықты қоздыруға, зорлық-зомбылықты насихаттауға немесе Конституцияға қайшы үндеулер жасауға жол берілмейді.

Сообщение Сайлау алдындағы дебат: кандидаттар не айта алады, неге тыйым салынған появились сначала на NoFake.

Уағызды кімдер және қайда айта алады — заңда не делінген
Соңғы күндері Қазнетте қоғамдық орындардағы діни насихат мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бұған тойда тілек айту кезінде діни уағыз айтқан ер адамның видеосы мен елордалық кофеханалардың бірінде Құран сүресін жатқа оқығандарға тегін кофе ұсынған акция себеп болды.

Осыған орай, NoFake.kz «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес азаматтарға кімдер уағыз айта алады, уағыз айтуға қай жерлерде рұқсат етілген және қандай шектеулер қойылған деген үш негізгі сұраққа заң баптары арқылы жауап беруді жөн көрді.

Уағызды кімдер және қайда айта алады?

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, кез келген азамат көшеде немесе әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізе алмайды. Заңды түрде уағыз айтуға тек мына тұлғалар ғана құқылы:

Ресми діни қызметкерлер мен имамдар: Тіркелген діни бірлестіктердің (мешіттердің) жарғысына сәйкес тағайындалған діни қызметкерлер.

Арнайы аттестацияланған мамандар: ҚМДБ жанындағы республикалық немесе өңірлік ақпараттық-насихат тобының мүшелері.

Миссионерлер: Заң талаптарына сай жергілікті атқарушы органдардан миссионерлік куәлігін алған тұлғалар.

Уағыз тек мынадай арнайы орындарда жүргізілуі тиіс:

Заңды түрде тіркелген ғибадат үйлері (мешіттер) және олардың аумағы.

Жергілікті атқарушы органдар арнайы келісіп белгілеген орындар.

Ресми тіркелген діни білім беру ұйымдарының қабырғасы.

Уағыз айтуға қай жерлерде шектеу қойылған?

Қазақстанның зайырлы мемлекет қағидатын қорғау мақсатында Заңның 3-бабы мен 7-бабының талаптарына сәйкес, мына нысандар мен орындарда кез келген діни уағыз-насихат пен діни жоралғыларға қатаң шектеулер мен тыйымдар қойылған:

Білім беру ұйымдарында: Мектептерде, колледждерде, университеттер мен балабақшаларда діни уағыз айтуға және діни насихат жүргізуге тыйым салынады.

Мемлекеттік органдар мен мекемелердің ғимараттарында.

Әскери бөлімдер мен құрылымдарда.

Қоғамдық көліктерде және арнайы бөлінбеген басқа да қоғамдық орындарда.

Заң талаптары бұзылса қандай жауапкершілік қарастырылған?

Егер заңсыз уағыз жүргізілсе немесе белгіленген шектеулер сақталмаса, бұл үшін құқықтық жауапкершілік туындайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 475-бабы («Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу») бойынша:

Діни әдебиеттерді, өнімдерді заңсыз тарату, рұқсат етілмеген орындарда уағыз айту немесе миссионерлік қызмет ережелерін бұзу жеке тұлғаларға айыппұл салуға, ал шетелдік азаматтар үшін елден шығарып жіберуге дейін әкеп соқтырады.

ҚМДБ не дейді?

Ал тойдағы азамат сөздеріне қатысты ҚМДБ өкілдері ресми мәлімдемесінде «қандай да діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттамалар беру дұрыс емес» екендігін айтты.

«Ислам діні даналықпен насихат айтуға, өзгелерді ауыр сөзбен айыптамауға, біреудің ар-намысына құрметпен қарауға үндейді. Сондықтан қандай да діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттамалар беру дұрыс емес. Сонымен қатар аналарымызды, қыз-келіншектерді бейәдеп сөзбен кемсіту де өрескел қателік деп санаймыз. Адамды арсыздыққа, азғындыққа және шариғат тыйым салған істерге үндейтін әндерді дініміз құптамайды. Алайда дініміз бен дәстүріміздің асыл құндылықтарын дәріптейтін, Отанды қорғауға, ата-ананы қадірлеуге үндейтін, адамгершілік пен ізгілікке шақыратын әндерге рұқсат берілетіні жайында Ислам ғалымдарының пікірі бар, — деді Діни басқарма өкілдері.

Айта кетейік, бұған біз ҚМДБ діни және ұлттық құндылықтарға тіл тигізгендерге мәлімдеме жасағаны жайлы хабарлаған едік.

Сообщение Уағызды кімдер және қайда айта алады — заңда не делінген появились сначала на NoFake.

Астанада депутаттар тұратын пәтерлердің жиһазы жаппай жаңартылып жатқаны рас па
Әлеуметтік желіде Астанада депутаттар тұратын «Нұрсая» тұрғын-үй кешенінде жиһаз жаңартылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Аталған жаңалық қаншалықты рас? Nofake.kz анықтап көрді.

Мәселе қайдан шықты?

Көпшілік желіде Астанадағы «Нұрсая» тұрғын-үй кешені маңында жиһаздардың тиеліп, шығарылып жатқаны туралы фото-видеолармен бөлісе бастаған. Олар аталған жиһаздың барлығы депутаттар тұратын пәтерге тиесілі болуы қажет деген болжам айтқан.

Скриншот: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде тараған ақпараттың анығын білу үшін редакция тілшісі «Нұрсая» тұрғын үй кешеніне барды. Оқиға орнында пәтерлерден шығарылған жиһаздардың жүк көліктеріне тиеліп жатқанын көрдік.

Фото: Nofake.kz

Тұрғындардың айтуынша, ғимараттан жиһаздың шығарылып жатқанына екі күн болған.

Фото скрин видеодан

Жауапты ведомство не дейді?

Жиһаздардың не себепті шығарылып жатқанын нақтылау үшін ҚР Құрылтайының Шаруашылық қамтамасыз ету департаментіне сауал жолдадық. Ведомствоның мәліметінше, «Нұрсая» тұрғын үй кешеніндегі қызметтік пәтерлерде қазір ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Құрылтай депутаттарына арналған «Нұрсая» тұрғын үй кешеніндегі қызметтік пәтерлер Шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің теңгерімінде. Оларды күтіп-ұстау қолданыстағы заңнама мен ҚР ҚН 1.04-26-2022 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Пәтерлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарының мерзімі мен жиілігі жыл сайынғы жоспарлы тексеру барысында анықталатын тозу деңгейіне қарай белгіленеді. Қазіргі уақытта «Нұрсая» тұрғын үй кешеніндегі қызметтік пәтерлерде жоспарлы күтіп-ұстау аясында және ақау актілерінің негізінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 және 2025 жылдары бұл пәтерлерде жөндеу жүргізілген жоқ. Ал жиһаз бен тұрмыстық техника олардың нақты тозу деңгейіне қарай ғана жаңартылады», – деп хабарлады ведомство.

«Нұрсая» тұрғын үй кешенінен жиһаздың шығарылып жатқаны рас. Алайда бұл әлеуметтік желіде айтылғандай себепсіз немесе жаппай жаңарту емес, қызметтік пәтерлерде жүргізіліп жатқан жоспарлы жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарының бір бөлігі.

Сообщение Астанада депутаттар тұратын пәтерлердің жиһазы жаппай жаңартылып жатқаны рас па появились сначала на NoFake.

Әлеуметтік желіде сайлауға баруға немесе бармауға үндеуге бола ма — Заң не дейді
«Кез келген қазақстандық әлеуметтік желідегі парақшасында сайлауға баруға немесе бармауға үгіттей ала ма?» — бұл сұрақ әсіресе саяси науқан кезінде жиі қойылады. Көпшілік жеке парақшамыз өзіміздікі ғой деп ойлайды, бірақ бұл мәселенің өз заңды шектеулері бар, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңы нені талап етеді?

Бұл заңға сәйкес, елімізде сайлауға қатысу – әр азаматтың өз еркі. Ешкім ешкімді сайлауға баруға да, бармауға да мәжбүрлей алмайды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 3-бабы, 3-тармағына сәйкес,  азаматтардың сайлауға қатысуы ерiктi түрде жүзеге асырылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

Сайлауға баруға шақыру – бұл көбінесе азаматтық белсенділік ретінде қабылданады. Дегенмен, заң тұрғысынан сайлауалды үгіт-насихатты тек ресми тіркелген кандидаттар мен партиялар ғана жүргізе алады.

Сайлауға бармауға (бойкот жасауға)  үгіттеуге заң жүзінде тыйым салынған. Әлеуметтік желіде «сайлауға бармаңыздар», «бұл сайлаудың мәні жоқ» деп көпшілікті үндеуге шақыру заң бұзушылық болып саналады.

Неліктен бойкотқа үндеуге болмайды?

Мемлекет сайлауды маңызды саяси науқан ретінде қарастырады. Жалпы жұртты сайлауға қатыспауға шақыру – бұл науқанның қалыпты өтуіне кедергі жасау және басқа азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруына әсер ету деп бағалануы мүмкін.

Бұл әрекеттер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабымен реттеледі. Онда сайлауалды үгіттің кімдер тарапынан және қалай жүргізілетіні нақты жазылған. Яғни үгіт-насихат жұмыстарын тек тіркелген кандидаттар, олардың сенім білдірілген өкілдері және саяси партиялар ғана жүргізе алады.

Кез келген әлеуметтік желі қолданушысының көпшілікке сайлауға бойкот жариялауға үндеу жасауы – заңда рұқсат етілмеген заңсыз үгіт-насихат немесе науқанға кедергі келтіру ретінде қарастырылады.

Сайлауға қатыспауға шақырған адамдар үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

Егер азамат әлеуметтік желіде сайлауға қарсы шығып, бойкот жариялауға үгіттейтін жазбалар жарияласа, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 11 тарауынының мына баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін:

102-бап («Сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу»): Үгіт жүргізуге рұқсат етілмеген уақытта немесе белгіленбеген тәртіппен үгіт жасау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

103-бап («Сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру»): Сайлау процесінің қалыпты өтуіне және заңды үгіт-насихатқа қол сұғуға тыйым салынады.

112-бап («Бұқаралық ақпарат құралдары және онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу»): Әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда үгіт жүргізу немесе оның талаптарын бұзу заңбұзушылық болып саналады.

122-бап («Сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу»): Заң талаптарын айналып өтіп, рұқсат етілмеген форматта үгіт жүргізгені үшін жауапкершілік көзделген.

Заң талаптарын бұзған азаматтарға ескерту жасалып немесе белгіленген мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.

Сообщение Әлеуметтік желіде сайлауға баруға немесе бармауға үндеуге бола ма — Заң не дейді появились сначала на NoFake.

Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу қалай жеңілдейді — СІМ түсіндірді
Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдей ме? Сыртқы істер министрлігі редакциямыздың визалық режимді жеңілдету, Еуропалық одақпен жасалып жатқан келісім және қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды NoFake.kz

Еуроодақпен келісім қай елдерді қамтиды?

СІМ мәліметінше, болашақ жеңілдіктер Шенген аймағына кіретін және Шенген заңнамасын толық қолданатын 25 Еуропалық Одақ мүшесіне қатысты болады.

«Келісім Шенген аймағына кіретін және Шенген заңнамасын толық қолданатын Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерге қатысты болады. Еуропалық Одақтың визалық саясаты мен Шенген құқығының ерекшеліктеріне байланысты бұл келісім ЕО-ның барлық елдеріне бірдей автоматты түрде таралмайды. Келісім қолданатын ЕО елдері (25 мемлекет): Австрия, Бельгия, Болгария, Мажарстан, Германия, Греция Испания, Италия, Кипр (ішінара Шенген), Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швеция, Эстония», — деп хабарлады СІМ өкілдері.

Келісім қашан күшіне енеді?

Қазіргі уақытта құжатқа қол қою алдындағы мемлекетішілік рәсімдер жүріп жатыр. Оған ведомствоаралық келісу, міндетті сараптамалар және Үкімет қаулысын қабылдау кіреді.

«Жобаға қол қойылғаннан кейін құжат парламенттік ратификациялаудан өтіп, тараптардың ресми ноталармен алмасуынан кейін күшіне енеді. Осыған байланысты Келісімнің нақты күшіне ену мерзімі және жеңілдетілген визалық рәсімдерді қолданудың басталу күні туралы ресми ақпарат Келісім күшіне енгеннен кейін жарияланатын болады», — деп хабарлады СІМ редакциямызға берген жауабында.

Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

Ведомствоның мәліметінше, 2022–2025 жылдары жүргізілген жүйелі дипломатиялық жұмыстардың нәтижесінде қазақстандықтар визасыз бара алатын елдердің саны айтарлықтай артқан.

Мәселен, Қытаймен визасыз режим бойынша әрбір сапардың ұзақтығы 30 күннен аспауы тиіс. Алайда бір маңызды шектеу бар: 180 күндік (жарты жылдық) кезең ішінде Қытайда барлық сапарларыңызды қосқанда 90 күннен артық болуға болмайды.

Инфографика: NoFake.kz

Виза алу тәртібі мен консулдық талаптар қандай?

Әлеуметтік желілерде Польша, Чехия, Эстония, Прибалтика елдері және Чили секілді кейбір елдерге виза алу қиындап кетті деген пікірлер жиі айтылады. Министрліктен бұл мәселенің себебін сұрап көрдік.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өз қызметін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына, оның ішінде 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 41-бабында бекітілген мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидатына сәйкес жүзеге асырады. Осыған байланысты Министрлік шет мемлекеттің құзыретті органдарының қызметіне араласуға немесе олар қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге құқылы емес», — деп жауап берді.

Сондай-ақ, министрлік виза рәсімдеуге қажетті нақты құжаттар тізімі мен консулдық алым мөлшерін әр шет мемлекеттің ресми дипломатиялық өкілдіктерінің сайттарынан тексеруге болатынын айтты. Бұл сілтемелер ҚР СІМ-нің ресми сайтында қолжетімді.

Сообщение Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу қалай жеңілдейді — СІМ түсіндірді появились сначала на NoFake.

Блогерлер саяси партиялар мен кандидаттарды жарнамалай ала ма
Блогерлер, яғни бүгінде жиі айтылып жүргендей инфлюенсерлер, әлеуметтік желідегі парақшаларында саяси партияларды жарнамалай ала ма? NoFake.kz бұл сұрақтың жауабын қолданыстағы заңнама негізінде зерделеп көрді.

Анықталғандай, блогерлердің саяси партияларды жарнамалауына толықтай тыйым салынбаған. Алайда мұндай жарнама заңмен қатаң реттеледі және бірқатар талаптарды сақтауды міндеттейді. Бұл қандай талаптар? Төменде заң нормаларына сүйене отырып түсіндіреміз.

Заң не дейді?

Егер жарияланым сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында немесе ақылы коммерциялық негізде жарияланатын болса, блогерлер саяси партияларды жарнамалай алады. Бірақ бұл ретте олар заңда көзделген талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті.

Мәселен, «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» ҚР Заңының 1-бабы, 6-тармағына  сәйкес, инфлюенсер (блогер) – онлайн-платформада тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы. Осы заңның  19-бабы бойынша, блогерлер орналастыратын кез келген онлайн-жарнама міндетті түрде таңбалануы, яғни жарнама екені көрініп тұруы тиіс және ол ҚР «Жарнама туралы»  Заңының талаптарына қайшы келмеуі керек.

Егер саяси партияның атауы ақылы немесе демеушілік негізде жарияланса, бұл онлайн-жарнама болып саналады және міндетті түрде тиісті белгімен, мәселен, «жарнама», «серіктестік» немесе демеушілік белгісі арқылы көрсетілуі шарт.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Заңның 27, 28 баптарына сәйкес, партияның атауы мен қызметі сайлау науқаны кезінде жарияланса, бұл сайлауалды үгіт-насихат болып есептеледі. 28 бабы 7 тармағына сәйкес, кез келген үгіт материалдары тек ресми түрде белгіленген сайлауалды үгіт кезеңінде және кандидаттардың/партиялардың сайлау қоғамдық қорларының есепшотынан төленген қаражат есебінен ғана жүзеге асырылуы тиіс. Партияларға заңсыз немесе ақысы ресми қордан төленбеген жасырын үгіт-насихат жүргізуге және әлеуметтік желілерде тиісті ережелерді бұзуға тыйым салынады.

Мұндай жарнамадан түскен қаражаттан салық төленеді ме?

Блогерлер партиялардан немесе кандидаттардан жарнама немесе ақпараттық қызмет үшін ақы алатын болса, олар міндетті түрде жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркеліп, алған кірістеріне сәйкес салық төлеуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз жүргізу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.

Түйін

Блогерлер партия атауын атап, ақпарат бере алады. Алайда бұл әрекет жалған ақпарат таратпау, жарнаманы міндетті түрде таңбалау, салық заңнамасын сақтау және егер сайлау кезеңі болса – сайлау заңнамасының үгіт-насихат ережелерін қатаң ұстану шарттары орындалған жағдайда ғана заңды болып саналады.

Сообщение Блогерлер саяси партиялар мен кандидаттарды жарнамалай ала ма появились сначала на NoFake.

Астана аспанында дрондар неге ұшып жүр: мән-жай анықталды
Астанада бірнеше күннен бері әуеде дрондардың әлдебір заттарды тасып жүргенін, тіпті оларды бір-біріне беріп жатқанын көруге болады. Қала азаматтары дрондардың ұшу себебін анықтай алмай, желіде қызу пікір-талас жүргізген, деп хабарлайды Nofake.kz.

Әлеуметтік желіде Астана аспанында дрондардың көбейгені туралы ақпарат тарады. Көпшілік желіде олардың аспанда қалықтап жүрген суреттерін жүктеп, тіпті дрондардың сәлемдеме жеткізіп жүргенін жарыса жазған.

Скриншот: әлеуметтік желіден

Дрондар туралы әкімдік хабардар ма?

Аталған ақпарат қаншалықты рас? Редакция алдымен ақпаратты әкімдіктен біліп көрді.

«Астана аспанындағы дрондар «Болашақ ойындары» аясында ұшырылып жатыр. Нақты ақпаратты ойын ұйымдастырушыларынан біле аласыздар. Жалпы, әдетте дрондардың ұшуына рұқсатты Мемлекеттік күзет қызметі береді», — деп түсіндірді.

Ұйымдастырушылар не дейді: дрондардың сәлемдеме жеткізіп жүргені рас па?

Астанада өтетін «Болашақ ойындары» ұйымдастырушылары аталған дрондарға қатысты түсініктеме берді.

«31 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары» аясында дрондар арқылы тапсырыс жеткізу бойынша демонстрациялық жоба іске асырылады. Бұл – іс-шара қонақтарына жаңа технологиямен танысып, жеткізудің жаңа форматын сынап көруге мүмкіндік беретін пилоттық жоба», — делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, пилоттық жоба аясында қатысушылар дрондар арқылы жеткізу қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ, олар тапсырысты «Алау» мұз сарайы, «Барыс Арена», Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» жекпе-жек сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені жанындағы киоскілерде, пилоттық режимде жасауға болатынын жеткізді.

Түйін

Сонымен, Астана аспанында байқалған дрондардың «Болашақ ойындары» аясында ұшырылғаны — шындық. Олар 31 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін «Болашақ ойындары» аясындағы пилоттық жобаға қатысып жатыр. Жоба барысында іс-шара қонақтарына дрон арқылы тапсырыс жеткізу қызметі көрсетіледі. Яғни, әлеуметтік желіде тараған дрондардың сәлемдеме тасып жүргені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келеді.

Сообщение Астана аспанында дрондар неге ұшып жүр: мән-жай анықталды появились сначала на NoFake.

Ұстаздар премия алатыны рас па: министрлік мән-жайды түсіндірді
Әлеуметтік желіде ұстаздардың жалақыдан бөлек сыйлықақы алатыны, оны қандай жағдайда алуға болатыны жайлы ақпарат тарады. Nofake.kz «мұғалімдер расымен премия ала ма және оны қай уақытта тағайындайды?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Мұғалімдерге премия расымен беріле ме: әлеумет неге шулады?

Желіде аталған мәселенің жиі талқылануына, ұстаздардың өздерінің премия алу туралы ақпараттан бейхабар болып шығуы себеп болды. Олардың кейбірі ешқашан сыйақы алмағанын жазса, енді бірі алған сыйақысын қайтаруға мәжбүр болып жатқанын мәлімдеген.

Скриншот: әлеуметтік желіден

Ұстаздар қай уақытта сыйақы ала алады: министрлік жауабы

Сонымен мектеп мұғалімдеріне шынымен сыйлықақы беріле ме? Берілсе, қандай жағдайда тағайындалады? Аталған сұрақтарға нақты жауап алу үшін, Оқу-ағарту министрлігіне хабарласып көрдік. Ведомство өкілдері ұстаздарға шынымен премия берілетінін растады.

Айтуларынша, Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне сыйақы беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Бұл ретте, министрлік ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен ҚР органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларына сәйкес сыйлықақы беру қызметкерлерді материалдық ынталандыру шараларының бірі болып табылатынын жеткізді.

«Ол қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін көтермелеуге, сондай-ақ қызметкерлердің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындауға деген мүдделілігін арттыруға бағытталған. Бұл ретте қызметкерлерге сыйлықақы беру туралы шешімді білім беру ұйымының басшысы өз құзыреті шегінде, тиісті қаржылық мүмкіндіктер болған жағдайда, бюджет қаражатының үнемделуі есебінен қабылдайды», — делінген министрлік хабарламасында.

Осылайша, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарында педагогтерге сыйақы беру туралы шешімді ұйым басшысы қабылдайды. Сыйақы бюджет қаражаты үнемделген жағдайда және бөлінген қаражат шегінде беріледі.

Түйін

Мектеп мұғалімдеріне сыйақы берілуі мүмкін. Алайда ол міндетті төлем емес. Сыйақы тағайындау туралы шешімді білім беру ұйымының басшысы өз құзыреті шегінде, бюджет қаражаты үнемделген және қаржылық мүмкіндік болған жағдайда қабылдайды. Яғни педагогтерге сыйақы төлеу нақты ұйымның қаржылық жағдайына және қолданыстағы заңнама талаптарына байланысты жүзеге асырылады.

Айта кетейік, мұғалімдердің сыйақы алуы туралы материалды бұған дейін де жариялаған болатынбыз. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі сол кезде министрлік өкілдерінің брифингте берген жауабын ұсынған болатын. Онда Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев ұстаздарға қай уақытта сыйақы берілетіні туралы түсіндірген еді. Аталған видео желіде қайта тарап, ұстаздар арасында қызу талқыға түскен.

Сообщение Ұстаздар премия алатыны рас па: министрлік мән-жайды түсіндірді появились сначала на NoFake.

Жаз уақытындағы ультракүлгін сәулелер теріге қалай әсер етеді
Жаз уақытында ультра күлгін сәулелер индексінің жоғары болуы теріге кері әсер етуі мүмкін. Мамандар аптап ыстықта күн сәулелерінен қорғану жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Гигиена және денсаулықты қорғау департаментінің директоры Жанар Төлебаева жазда ультра күлгін сәулелерден қалай қорғануға болатынын жеткізді.

«Ультра күлгін сәулелер индексі жоғары болған жағдайда, міндетті түрде Spf кремдерін көп жағу керек. Оны тек таңғы уақытта бір рет қана жағып қоймай, бір күн ішінде бірнеше рет пайдаланған дұрыс», — деді ол.

Сонымен бірге, маман жазғы уақытта тіпті балаларға SPF крем жағу қажеттігін ескертті.

«Ультра күлгін сәулелерден әсіресе, балалар мен өңі ақшыл, аққұба адамдар көп қорғануы керек. Сол сияқты денесінде меңі көп адамдар да күннен сақтануы тиіс. Одан бөлек, далада көп жұмыс істейтін жандар, мысалы құрылысшылар, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін азаматтарға да күннен қорғануға кеңес беріледі», — деді ол.

Маман жазда демалушыларға да күннің ультра күлгін сәулелерінен сақ болуға шақырды. Айтуынша, ыстықта күнде көп жүру адам терісінен бөлек, ағзаға да теріс әсер етуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін ДСМ мамандары ыстықта салқындатылған кофе мен энергетикалық сусындарды ішудің зияны туралы түсіндірген еді.

Сообщение Жаз уақытындағы ультракүлгін сәулелер теріге қалай әсер етеді появились сначала на NoFake.

Фирмалық қалам, блокнот, күнтізбе: Дәрігер өз кабинетінде дәрі жарнамалауға құқылы ма
Мемлекеттік емханалар мен ауруханаларда дәрігерлер жұмыс кабинетінде дәрі-дәрмекке жарнама жасай ала ма, бұл заңды ма? NoFake.kz анықтап көрді.

Емханаға барғанда дәрігердің үстелінде белгілі бір дәрінің логотипі бар қалам немесе блокнот жатқанын, ал қабырғада препараттың баннері тұрғанын жиі көреміз. Дәрігер фирмалық қаламмен сол фирманың қымбат дәрісін жазып беруі де мүмкін. Бұл қаншалықты заңды және мұндайда пациент не істеуі керек? Еліміздің  Денсаулық сақтау министрлігі мен тәжірибелі фармацевт маман жауап берді.

Мемлекеттік емханада дәрі-дәрмекке жарнама жасау – заңға қайшы

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 56-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды (ББҚ) оларды тағайындауға және беруге қатысы жоқ ұйымдарда, сондай-ақ қоғамдық көлікте жарнамалауға  тыйым салынған. Ал дәрі-дәрмек жарнамасының негізті талаптары салалық министрдің арнайы бұйрығымен реттелген.

«ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-94 бұйрығымен Жарнама қағидаларына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер арасында таратылатын өнеркәсіптік өнімдерге (ручкалар, блокноттар, сөмкелер, медициналық халаттар, күнтізбелер, визитницалар, флешкалар және басқа да заттар) қолданылған логотип, саудалық немесе халықаралық патенттелмеген атаулар дәрілік жарнамаға жатады», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің NoFake.kz редакциясына берген жауабында.

Яғни, 2022 жылдан бастап дәрілерді жарнамалауға тек арнайы медициналық және фармацевтикалық конференцияларда, конгрестерде, симпозиумдарда және медицина мамандарына арналған мамандандырылған басылымдарда ғана рұқсат етілген. Министр бұйрығының «медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге арасында таратылатын фирмалық өнімдер,  қалам, блокнот, сөмке, медициналық халат, күнтізбе, флешкаларда қолданылған логотип  саудалық және халықаралық атауы патенттелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасына жатпайды» деген бөлігі алып тасталған.

Демек, дәрігер кабинетінде белгілі бір дәрінің аты жазылған қалам, блокнот немесе постердің тұруы – бұл заң бұзушылық. Пациент қабылдайтын кабинетте нұсқаулық, оқу-әдістемелік материалдар ғана болуы тиіс.

Біз елордалық мемлекеттік емханалардың біріне бардық. Емхана дәлізінде жалпы денсаулық сақтауға, скринингтен дер кезінде өтуге қатысты ақпарат жарияланса, дәрігерлер кабинетіндегі жұмыс үстелінен бірнеше жарнамалық күнтізбені көрдік.

Фото: NoFake.kz

Дәрігер қымбат дәрі жазып берсе не істеу керек?

Егер дәрігер  қолындағы қаламдағы коммерциялық атаумен аттас қымбат дәрі жазып берсе, асығыс шешім қабылдамаңыз. Тәжірибелі фармацевт, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Айсұлу Ахимова мұндайда пациенттің өз құқығын білгені маңызды екенін айтты.

«Біріншіден, пациент дәрігерден дәрінің брендтік (саудалық) атауын емес, Халықаралық патенттелмеген атауын (ХПА / МНН), яғни негізгі әсер етуші белсенді затын жазып беруді талап етуге толық құқылы. Заң бойынша дәрігер рецептке белгілі бір фирманың коммерциялық атауын емес, дәрінің химиялық негізін жазуы тиіс. Егер сізге белгілі бір қымбат бренд таңылса, «Мұнымен әсері бірдей арзанырақ аналогы бар ма?» деп дәрігердің өзінен де, дәріханадан да бірден сұраудан тартынбаңыз», — дейді маман.

Қымбат дәрінің арзан аналогын (дженеригін) қалай табуға болады?

Нарықта қымбат брендтік дәрімен әсері бірдей, бірақ бағасы әлдеқайда арзан басқа өндіруші болуы мүмкін. Өйткені жарнама арқылы танылған импорттық препараттың құнына оны өзге елден жеткізу, кедендік салық, т.б. төлемдер кіреді. Фармацевт тиімді баламаны табудың бірнеше жолын ұсынады.

«Дәрінің арзан аналогын іздеудің ең сенімді жолы – оның белсенді затын (ХПА) білу. Брендтік дәрінің қорабында немесе нұсқаулығында кішкентай әріптермен жазылған негізгі затты қараңыз. Дәріханаға келгенде фармацевтке брендтің атын айтпай-ақ: «Маған мына белсенді заты бар, қолжетімді бағадағы аналогын беріңізші» десеңіз жеткілікті», — дейді фармацевт.

Маман дәрі аналогын табудың тағы бір жолын көрсетті.

Екінші жолы — дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының (Dari.kz) ресми базасы мен мобильді қосымшаларын пайдалану. Онда елде тіркелген барлық дәрілердің тиімділігі тексерілген баламалары мен бекітілген шекті бағалары көрсетіледі. Бірақ аналогты таңдағанда тек бағасына емес, өндіруші зауыттың сапа стандартына (GMP) да көңіл бөлген абзал»,- дейді Айсұлу Ахимова .

Түйін

Сонымен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-94 бұйрығымен емханада брендтік дәрі-дәрмектерді жарнамалауға тыйым салынады. Мемлекеттік және жеке меншік емханаларда дәрігерлерге фирмалық қалам, блокнот, постер арқылы дәріні насихаттауға болмайды. Ал дәрігер кабинетінде, дәріханада дәрі құрамындағы негізгі әсер ететін заттарды және оның қолжетімді аналогын сұрау — сіздің заңды құқығыңыз.

Сообщение Фирмалық қалам, блокнот, күнтізбе: Дәрігер өз кабинетінде дәрі жарнамалауға құқылы ма появились сначала на NoFake.