NoFake

Қаржы министрлігі Мәди Такиевтің «лицензиясы» туралы қауесетті жоққа шығарды

Иллюстрация: freepik.com

Қаржы министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан Қаржы министрі Мәди Такиевтің «инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды NoFake.kz.

«ҚР Қаржы министрлігі қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарына әлеуметтік желілерде таралып жатқан Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиевтің «инвестициялық қызметті жүзеге берген лицензиясы» деген ақпараттың жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін айта кетейік. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы нарығында брокерлік, дилерлік, инвестициялық немесе өзге де кәсіптік қызметті лицензиялаумен айналыспайтынын ескерген жөн.Елімізде белгіленген заңға сәйкес инвестициялық компаниялардың, брокерлердің және қаржы нарығындағы басқа да кәсіби қатысушылардың қызметін лицензиялауды, тіркеуді және қадағалауды тек қана уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді»,-делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанның қаржы нарығында қызмет ұсынатын кез келген ұйым заңда белгіленген тіркеу рәсімінен өтіп, қолданыстағы тәртіп бойынша тиісті рұқсат алуға міндетті.

Оқу үшін