NoFake

Сырты істер министрі Иран халқына көңіл айтты

Фото: depositphotos

Таяу Шығыстағы соңғы қайғылы оқиғаларға байланысты Сыртқы істер министрі Иран халқына көңіл айтты, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына қайғырып көңіл айтамыз», – делінген мәлімдемеде.

Қазақстан сонымен қатар Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдірді. Ведомство қарулы қақтығыстар кезінде халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

«Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау азаматтық нысандар мен бейбіт халықты ерекше қорғауды талап етеді», – деп мәлімдеді қазақстандық тарап.

Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды реттеуде өзінің қағидатты ұстанымы өзгермейтінін растады.

«Қазақстан халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтай отырып, халықаралық дауларды тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі жөніндегі ұстанымын растайды», – деп хабарлады ресми өкілдер.

Соңында Қазақстан өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу үшін барлық тараптарды барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырды.

Оқу үшін