Су тасқыны қаупі бар жол учаскелерінде не өзгерді

Фото: пресс-служба АО НК "КаазАвтожол"
ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автожолдарда су басу қаупі жоғары учаскелерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды NoFake.kz.
«Республикалық маңызы бар автожолдарда су басу қаупі жоғары учаскелер туралы ескертетін ақпараттық паннолар орнатылуда. Жолдың жүріс бөлігінде су шаю қаупінің болуына байланысты сіздерден: қозғалыс жылдамдығын төмендетуді, қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауды, аталған учаскеден өту кезінде барынша мұқият болуды сұраймыз»,- деп мәлімдеді ҚазАвтожол баспасөз қызметі.
ҚазАвтоЖол жүргізушілерді сақтық шараларын қатаң сақтауға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.


