NoFake

СҚО-да құс тұмауы жоқ, «холера» туралы қауесет расталмады

Фото: Stock

Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бугровое ауылында «құс холерасы тарады» деген ақпарат жарияланды. Алайда ресми тексеріс нәтижесі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын көрсетті, деп хабарлайды nofake.kz/.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Ветеринария басқармасының хабарлауынша, Бугровое ауылындағы эпизоотиялық жағдай тұрақталып келеді. Індет ауыл аумағынан аспаған және ветеринариялық қызметтің толық бақылауында.

«Қызылжар ауданының ветеринариялық қызметі құс қырылған аулаларды тексерді. Биологиялық материал сынамалары алынып, облыстық ветеринариялық зертханаға жіберілді. Зерттеу нәтижесінде құс тұмауы анықталған жоқ. 3 қазанда пастереллёз диагнозы расталды», – делінген ведомство хабарламасында.

Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, 29 қыркүйектен 9 қазан аралығында облыстық зертхана мен Ветеринарияның ұлттық референттік орталығына (ҰРЦВ) бірнеше рет қан мен жем сынамалары тапсырылған.

«Зерттеу нәтижелері пастереллёздің барын, ал құс тұмауының жоқ екенін растаған. 9 қазанда алынған соңғы талдаулар да құс тұмауы вирусының теріс нәтижесін көрсетті. Сондай-ақ 23 қыркүйектен 9 қазанға дейін барлығы 3 985 бас үй құсы қырылған (оның ішінде 2 735 қаз, 758 тауық, 322 бройлер, 134 күркетауық және 36 цесарка). 8 қазанда Бугровое ауылында Қызылжар ауданының әкімі тұрғындармен кездесу өткізіп, қырылған құс үшін өтемақы жем түрінде және бюджеттен тыс қаражат есебінен берілетінін түсіндірді. Барлық қырылған құс арнайы белгіленген орында ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтай отырып өртеліп жойылып жатыр», – деп қорытындылады облыстық ветеринария басқармасы.

Оқу үшін