Спорт министрінің жеке дерегі украиналық «Миротворец» базасына енгені рас па

Фото: primeminister.kz
Әлеуметтік желіде туризм және спорты министрі Ербол Мырзабосыновтың Украинаның «Миротворец» базасына енгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды nofake.kz/.
«Миротворец» сайтында Ресейді және оның Украинаға қарсы әскери әрекеттерін қолдайтын азаматтардың жеке деректері жарияланады. Сайттың өзінде «Миротворец» жайлы Украинаның ұлттық кауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды зерттеу орталығының онлайн-алаңы деп жазылған. Десе де оның қандай да бір мемлекеттік мәртебесі әрі Украинаның ІІМ және СІМ-не еш қатысы жоқ екені анықталды.
Желіде туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың аталған сайттың деректер базасына енгені туралы ақпарат тарады. Онда «министр бұл тізімге Ресейде өткен спорттық іс-шараларға қатысқаны үшін енген» деп көрсетілген. Осыған орай, ведомство аталған жайтқа қатысты ресми түсініктеме берді.
«СІМ ұсынған мәліметтерге сәйкес, «Миротворец» интернет ресурсы жеке бастама болып саналады және оның Украина Үкіметінде ресми мәртебесі жоқ. Осыған байланысты, сайтта ұсынылған ақпарат ресми болып есептелмейді және оның ешқандай құқықтық салдары жоқ», — делінген хабарламада.
Министрлік мұндай жағдайда тек халықаралық құқық және мемлекетаралық өзара іс-қимылдың ресми каналдары ұсынған ақпаратты негізге алу қажеттігін атап өтті.


