Соколовская шахтасындағы жарылыс: ресми органдар тергеу бастады

Фото: depositphotos
5 қаңтарда «Соколовская» шахтасында (ССГПО) бақылаусыз жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды. Ақпаратты кәсіпорынның корпоративтік коммуникациялар қызметі растады, деп хабарлайды nofake.kz/.
"Еңбек өтілі 25 жылды құрайтын машинист дучкада — өндірілген кен түсірілетін жерасты тау қазбасында — тым ірі кен кесектерінің ілініп қалуын жою жұмыстарын атқарған. Жұмыстар өнеркәсіптік жарылғыш заттарды қолдану арқылы жүргізілген. Жұмыс барысында бақылаусыз жарылыс тіркеліп, жұмысшы жарақат алған. Зардап шеккен машинист Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді. Аталған оқиға бойынша тергеу тағайындалды", — деп хабарлады nofake.kz/ сауалына жауап берген ERG баспасөз қызметі.
Қосымша мәліметтер ресми дереккөздерден түскен сайын жаңартылады.


