NoFake

ҚР СІМ басшысы мен кәсіпкер Гаджиев ұсталды — фейк

Кейбір БАҚ пен телеграм-арналар ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы хабарлады. Бұл ақпаратқа қатысты ҚР Мәдениет және ақпаратты министрлігі ресми жауап қатты.

Ақпараттық басылымның мәліметінше, бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар — министрліктердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары және ықпалды кәсіпкерлер ұсталған.

t.me/orda_kz /110214

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл хабарламаны жоққа шығарды. Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында фейк ақпаратқа түсініктеме берді.

«Құрметті әріптестер!

Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда.

Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет.

Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс.

Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын», — деп ата өтті Аида Балаева.

Оқу үшін