NoFake

Түпнұсқа мен ЖИ арқылы жасалған фотоны ажырату тәсілі

Фото: adme.media

Қазір жасанды интеллект жасаған фотоларды шынайы суреттерден ажырату қиын болып кетті. Бірақ мұқият қарасаңыз, жасанды интеллектінің ізін анықтауға болады. ChatGPT-ден сұраған едік, оның жауабы мынадай:

Қол, саусақ, құлақ, көз, тіске назар аудару қажет. Бұл – ең айқын белгі. ЖИ әдетте оларды анық көрсете алмайды, өйткені ұсақ детальдарды нақты бейнелеу оған әлі де қиын.

Тым мінсіз, симметриялы бет-әлпет


Шын суретте объект 100% симметриялы болмайды. Ал ЖИ жасаған суреттерде бет, мұрын, көз, қас – бәрі “идеал” орналасады. Беті-жүзі тым тегіс, жарық біркелкі түседі. Бұл күмән тудыруы тиіс.

Фондағы жазулар мен белгілердің бұрмалануы


Әдетте суреттің артқы жағындағы қосалқы жазулар өтірік жазылады. Әріптер қисық, орын ауыстырылған немесе оқылмайтын болуы да мүмкін.

Жасанды суретте ұсақ бөлшектер тым көп болады. Әдетте бұл тарихи фотолар мен археологиялық құжаттардың көшірмесінде кездесіп жатады.

Фотода адам көп болған сайын ЖИ де қатені көп жібереді. Суреттегі адамдардың эмоциясы шынайы болмай шығады.

Оқу үшін