NoFake

Шымкентте заңсыз онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды

6a7a3026 3412 4355 ba7f 52001ab52e0c

Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Шымкент қаласында заңсыз онлайн-құмар ойын бизнесін ұйымдастырған адамдар тобының әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Күдіктілер екі жыл бойы TikTok және YouTube платформаларында «TauBrat» парақшасы арқылы тікелей эфирлер өткізіп, “Тринька” атты заңсыз құмар ойынды ұйымдастырған. Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін банктік карталар рәсімделген «дроптарды» пайдаланып, ақша қаражатын қолма-қол шығарған. Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа Hyundai Sonata автокөлігі мен тұрғын үйі бар жер телімі сатып алынған. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды», — деп мәлімдеді агенттік.

Ведомство өкілінің айтуынша, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқу үшін