NoFake

Шымкентте ірі интернет-алаяқтық схемасы анықталды

3D01C167 BFFB 44D8 BDA3 899CCC79433E

Фото: Polisia.kz

Шымкентте киберполицейлер ірі интернет-алаяқтық схемасын анықтап, алаяқтардың жолын кесті, деп хабарлайды nofake.kz/.

Тұрақты жұмыс барысында қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық деректеріне қатысы бар ер адамды ұстады. Ведомствоның мәліметінше, тергеу барысында Қызылорда облысының тұрғыны «жеңіл табыс» табу мақсатында дропперлік схеманы ұйымдастырушы ретінде әрекет еткені анықталған.

Ол таныстарының банк карталарын жинап, мессенджерлер арқылы үшінші тұлғаларға өткізген. Кейін бұл карталар алаяқтық схемаларда қолданып отырған. Осылайша, белгісіз тұлғадан түскен қоңырауға сеніп, 32 миллион теңгеден айырылған жергілікті тұрғын полицияға арызданған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында киберполицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу кезінде оның ұқсас алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Сол сияқты, екінші бір жәбірленуші 6 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған. Полицейлер жалпы келтірілген шығын 40 миллион теңгеден асатынын мәлімдеді. Полиция тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, белгісіз тұлғалардың айтуымен ақша аудармауға кеңес береді.

Оқу үшін