NoFake

Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды

Screenshot

Скрин видео

Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда», — деді қалалық Полиция департаментінің баспасқз қызметі.

Полиция мәліметінше, аталған жайт бойынша «адам өлтіру», «бұзақылық» және «адамды ұрлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді анықтап, ұстау мақсатында Полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қалалық денсаулық басқармасы екінші науқастың жағдайы туралы айтты.

«1990 жылы туған пациент №1 Қалалық клиникалық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Науқасқа кеуде қуысының сол жақ бөлігінің тесіп-кесілген жарақаты диагнозы қойылып, соған байланысты шұғыл түрде операция жасалды.Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы әлі де ауыр, ол жансақтау бөлімінде қарқынды терапия алып жатыр»,-деді дәрігерлер.

Еске салсақ, Шымкентте 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

Оқу үшін