NoFake

Шымкент полициясы мектептерге төнген қауіп туралы ақпаратты жоққа шығарды

полиция

Фото: np.kz

Шымкент қаласының Полиция департаменті мектептерге жаппай шабуыл жасалады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Құрметті тұрғындар! Мессенджерлерде мектептерде қылмыс жасалуы мүмкін деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді. Мұндай қауесеттерге сенбеуді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз. Қазіргі уақытта полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, барлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жағдай толық бақылауда», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс жасауға дайындық туралы жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы мектеп оқушыларына қатысты қоқан-лоқы жасалған хабарламалар Telegram-арналардың бірінде жарияланып, кейін мессенджерлердегі чаттар арқылы кеңінен тараған. Хабарламаларда белгісіз адамдар 16 қаңтар күні қала мектептерінде жаппай қылмыс жасайтынын айтып қорқытқан

Оқу үшін