NoFake

Үш айда телефондық алаяқтықпен айналысқан 10 қылмыстық орталық әшкереленді — Бас прокуратура

C3f2f12d3237a810841b002ad6fb1363d72e0f9d

Фото: Бас прокуратура баспасөз қызметі

Бас прокуратура «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп Астанадағы алаяқтық қоңырауды тоқтатуға және қылмыстың алдын алуға бағытталған Анти Call-орталығы атты бірегей жобаны іске қосты. Үш айда 70 мыңнан астам шетелдік қоңырау тоқтатылған, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша Астанада интернет-алаяқтық 22 процентке төмендеді. Нәтижесінде, мыңдаған азамат алданбады және қаржысы қалтасында қалды. Сондай-ақ орталық шетелдік алаяқтартар отырған колл-орталықтар мен цифрлық құрылғылар орналасқан жерлерді анықтауға көмектесіп жатыр. Ресей, Украина және Арменияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп телефондық алаяқтықпен айналысқан он қылмыстық кеңсе әшкереленіп, олардың қызметі тоқтатылды. Олар 63 қаскүнемді ұстады, видео және дауысты ауыстыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (дипфейк технологиясы) және Қазақстан азаматтарының дербес деректер базасы бар жүздеген арнайы техника тәркіленді», — деп хабарлады Берік Асылов твиттердегі парақшасында.

Сондай-ақ, Беларусь Республикасының құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел-тергеу тобы құрылған. Қазір Беларусьте басқа елдердің, оның ішінде Қазақстанның азаматтарына қарсы жұмыс істеген 55 адам жауапқа тартылды.

«Олар азаматтарымызға 67 миллионнан астам теңге залал келтірген. Менің тапсырмам бойынша бұл жоба ел бойынша ауқымы кеңейтілді, осыған ұқсас Анти Call-орталықтары «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп басқа да облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда құрылып жатыр. Киберқылмысқа қарсы күрес жүйелі инновацияларды енгізу арқылы жалғасады», — деді Бас прокурор.

Оқу үшін