NoFake

Ресейлік әнші билет құнын қайтармаса, Сауда департаменті сотқа береді

Снимок экрана 2025 12 09

Фото: instagram.com/akmalsvami

Елімізде ресейлік әнші Акмальдың концерті өтпей қалды, ал Сауда департаменті тұтынушыларға билет құнын толық қайтарып бермекші, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Егер қаражатты қайтару туралы талап орындалмаған жағдайда, Департамент Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 5-бабы 8-тармағына сәйкес, сатып алынған билеттердің ақшасын қайтару мәселесі бойынша сотқа жүгінеді», — деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы.

Биыл 25 қазанда Қостанай қаласында әнші Акмальдың концерті өтпей қалды. Осыған байланысты 18 қарашадан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне азаматтардан 100-ден астам өтініш түсті.

Тұтынушылар билетті eventticket.kz  сервисінен сатып алған, бұл электронды түрде ақылы қызмет көрсету шарты жасалғанын растайды. Алайда концерт белгіленген күні өтпеді, ал ұйымдастырушы тұтынушыларға билет қаражатын қайтармаған.

Департамент «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заң талаптары бұзылғанын анықтады. Осыған байланысты ұйымдастырушы көрерменге билет құнын толық көлемде қайтарып беруін талап етіп, жеке кәсіпкерге ресми хабарлама жолданды. Ұйымдастырушы тұтынушыларға 6 миллионнан астам теңге қайтаруы тиіс.

Департамент жағдайды бақылауда ұстайды және тұтынушыларды өз құқықтары бұзылған жағдайда жедел түрде хабарласуға шақырады.

Оқу үшін