Сәпиевтің ісіне қатысты агенттік тексеріс бастады

Фото: Baq.kz
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.
«Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі әділ зерделеу мақсатында Спорт басқармасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті департаменті тарапынан тексеру басталды. Сонымен қатар басқарманың қызметіне кешенді аудит жүргізу көзделіп отыр», -делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Айта кетейік, 23 қаңтар күні әлеуметтік желіде Қарағандыда бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімхановтың арасында болған төбелестің видеосы тарады. 23 қаңтар күні облыстық полиция департаменті Сәпиев пен орынбасары арасындағы төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.


