NoFake

Салық кодексі жеке кәсіпкерліктің жаппай жабылуына себеп болды ма

Иллюстрация: nofake.kz/

ҚР Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов жаңа Салық кодексіне байланысты жеке кәсіпкерлердің жаппай жабылып жатқаны туралы қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа Салық кодексін қызу талқылап жатыр. Пайдаланушылардың кейбірі бұл құжат елдің әр өңіріндегі сауда орталықтарының босап қалуына әкелді деп мәлімдейді. Тараған хабарламаларда бірқатар кәсіпкерлер салық жүктемесінің артуына байланысты қызметін тоқтатуға мәжбүр болғаны айтылған. Әсіресе Ақтау мен Астанадағы сауда орталықтарынан түсірілген видеолар көпшіліктің назарын аударды.

Мәселен, Ақтаудағы сауда орталықтарының біріндегі жағдайды көрсеткен блогер Азамат Сәрсенбаев кәсіпкерлердің жаппай кету үрдісін ҚҚС бойынша міндеттемелерден қорқумен байланыстырды. Осыған ұқсас кадрлар елордадан да жарияланды. Instagram желісіндегі Adilzhan_2011 есімді қолданушы Астанадағы сауда нысандарының бірінен жабық бутиктер мен бос алаңдарды көрсететін видео жүктеп, сатып алушылардың азайғанын, жабылған сауда орындарының көбейіп жатқанын айтты.

Комментарий

Скрин әлеуметтік желілердегі пікірлерден

nofake.kz/ тілшісі видеода көрсетілген елордалық сауда нысанына барып, әкімшілікпен тілдесті. Астаналық базар сауда үйінің өкілі Жадыра Үсіпбекова блогер айтқан мәліметтерді толық жоққа шығарды.

«Бұл видеода айтылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сауда үйі толық жұмыс істеп тұр, бізде бірнеше мың бутик бар. Иә, бесінші қабатта бірнеше бос орын бар — түсірілім сол жерден жүргізілген. Біз бес жылдан бері жалдау бағасын көтерген жоқпыз. Келушілер саны жоғары деңгейде сақталып отыр, сауда үйі келушілерге ыңғайлы уақытта жұмыс істейді», — деді ол.

Жеке кәсіпкерлердің жаппай жабылып жатқаны жөніндегі ақпаратқа Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов та пікір білдірді. Оның айтуынша, ресми статистика мұндай мәлімдемелерді растамайды.

«Жеке кәсіпкерлер жаппай жабылып, басқа юрисдикцияларға көшіп жатыр деген сөздер — шындыққа сай емес. Керісінше, өткен жылмен салыстырғанда біз оң сальдо көріп отырмыз — плюс 150 мың бизнес субъектісі. Ал 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50 мыңнан да аз болған. Яғни Салық кодексі енгізілгеннен кейін жеке кәсіпкерлер жабылып жатқан жоқ, керісінше, олардың саны артып отыр. Бұл — ресми статистика», — деді вице-министр.

Сонымен бірге Ержан Біржанов өзгерістер бұрын жеңілдетілген салық режимі бойынша жұмыс істеген кәсіпкерлерге әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді.

«Бұрын бір бизнес нысанының жанында ҚҚС-қа өтпеу үшін екі-үш жеке кәсіпкер тіркеліп жұмыс істейтін. Бұлар — так называемый серіктестер. Кейде дүкен иелері жеке кәсіпкерлікті өз қызметкерлерінің атына рәсімдейтін. Қазір бұған қажеттілік жоқ, өйткені қағидалар өзгерді. 2,5 млрд теңгеге дейінгі айналымға арналған оңайлатылған декларация ҚҚС төлеуді көздемейді. Бұл — B2C сегменті. Бұрын дәл осы жерде бизнес бөлшектенуіне әкелген кедергі болған. Енді заңды түрде жұмыс істеуге болады, кәсіпті бөлшектеудің қажеті жоқ», — деп түсіндірді ол.

Осылайша, әлеуметтік желілерде жаңа Салық кодексіне байланысты жеке кәсіпкерлердің жаппай жабылып жатқаны туралы айтылып жүрген ақпарат ресми статистикамен де, оқиға орнында жүргізілген тексеріс нәтижелерімен де расталмады. Ал жекелеген видеокадрлар сауда нысандары мен кәсіпкерлік орта

Оқу үшін