NoFake

Сайлау күні ахуал тұрақты, қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ — ІІМ

Фото: Nofake.kz

ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау күні жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуына жол берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Оның айтуынша, ІІМ еліміздің барлық өңіріндегі жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауда. Ведомство мәліметінше, мониторинг жүргізу үшін ІІМ-нің жедел басқару орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланылған. Осылайша, көшелер, қоғамдық орындар және сайлау учаскелеріне іргелес аумақтар бейнебақылау камералары арқылы тұрақты визуалды бақылауда тұр.

«Қалалық және аудандық бөлімшелерде кез келген өтініштер мен ақпараттарға жедел әрекет етуге дайын мобильді топтар жұмыс істейді. Жағдайды бақылау тікелей оқиға орнында да, цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы да үздіксіз жүргізілуде», — деп атап өтті Ш. Әлекешев.

Ол азаматтардың немесе сайлау комиссияларының өтініштері бойынша полиция қажетті шараларды жедел қабылдауға дайын екенін айтты.

«Қоғамдық тәртіпті сақтап, жауапкершілік танытып отырған азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Полиция қызметін жалғастыруда», — деді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Осылайша, 145 депутаттық мандатқа жеті саяси партиядан 545 кандидат тіркелген.

Оқу үшін