NoFake

Руслан Желдібай Ақордадағы ауыс-түйісті түсіндірді

Қазақстан Президентінің көмекшісі-Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ақордадағы кадрлық ауыс-түйіске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Оның айтуынша, бұл – әдеттегі кадрлық ротация. Негізгі мақсат – мемлекеттік жүйедегі ең маңызды бағыттардың тиімділігін күшейту.

«Мемлекет басшысы жуырдағы жолдауында ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыруды басым міндеттің бірі ретінде белгіледі. Бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді. Президенттің көмекшісі ретінде ол халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерімен, сондай-ақ әлемдік ірі компаниялардың жетекшілерімен байланысты дамытады», — дейді Руслан Желдібай.

МӘДИЕВ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ИГЕРЕДІ
42 жастағы Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Ол елімізде ЖИ-ді дамытуға жауапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жасанды интеллектке ерекше көңіл бөлді. Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық державаға айналуды көздеп отыр.

ДЕПУТАТ МИНИСТР БОЛДЫ
Сонымен қатар, Премьер-министрдің келісімі бойынша Мәжіліс депутаты 42 жастағы Жұлдыз Сүлейменованы Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындау туралы шешім қабылданды.

НҰРТІЛЕУДІҢ ЖАҢА МІНДЕТІ
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі болған Мұрат Нұртілеу енді Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі.

Оқу үшін