NoFake

Рудныйда қазақша көше атауларына қарсылық жоқ – Облыс әкімі

Fef282f2 c9e6 4b25 945e df3c04aca983

Фото: rudniy.kz

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Рудныйдағы көшеге қазақша ат беруіне қарсы шыққан тұрғын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды nofake.kz/ 

Оның айтуынша, облыстағы Рудный қаласы көпұлтты қала болғанымен, шаһар тұрғындарының басым көпшілігі көше атауларына қазақша ат берілуіне қарсы шықпаған.  

«Қосымша пікір бере алмаймын. Барлығын басынан аяғына дейін білесіздер. Тиісті шешім қабылданды болды. Енді, әрине бұл процесс одан да ары өтетін шығар. Оны көреміз, бірақ Рудный қаласы көпұлтты қала ғой. Қаланың басым көпшілігі оған қарсы болған жоқ. Шындығын айтуымыз керек», — деді әкім.  

Айта кетейік, бұған дейін облыста көше атауларына қазақша ат беруге қатысты қоғамдық тыңдалым өткен еді. Онда қала тұрғындарының бірі көшеге қазақша ат беруіне қарсы шығып, шу шығарған еді. Аталған жайт қоғамда резонанс туғызып, көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Облыс әкімі бүгін осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Оқу үшін