NoFake

Рудный қаласының прокуроры Мұрат Успанов ұсталды — Бас прокуратура растады

Фото: gov.kz

Бұған дейін бірқатар телеграм-арнада «Успанов 20 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды» деген ақпарат тарады. Бірақ қадағалаушы орган мән-жайды терең түсіндірмеді, тек тергеу мәліметтері құпия екенін мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«2025 жылғы 28 қыркүйекте Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі облыстық ҰҚК департаментімен бірлесіп, қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады», — делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Қазір тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпараттар жарияланбайды.

Оқу үшін