Қырғызстан президенті Жапаровтың атынан 5000 сом төленетіні туралы фейк тарады

Фото: 24.kg
Әлеуметтік желілерде Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың атынан елдің Тәуелсіздік күніне орай азаматтарға 5000 сом көлемінде біржолғы төлем беріледі деген ақпарат тарады. Қырғызстан ІІМ бұл хабарламаның жалған екенін ескертті.
Жалған хабарландыруда 5000 сом алу үшін арнайы сілтеме арқылы тіркелу ұсынылады.
Қырғызстан ІІМ мұндай хабарламалардағы сілтемелерге өтпеуге және жеке, банктік немесе өзге де құпия деректерді енгізбеуге шақырды.
«Мемлекеттік төлемдер мен басқа да ресми шешімдер туралы ақпаратты тек мемлекеттік органдардың тексерілген ресми дереккөздерінен алу қажет», — делінген ІІМ хабарламасында.
Ведомство алаяқтар азаматтарды жаңылыстыру үшін мемлекеттік рәміздер мен лауазымды тұлғалардың есімдерін пайдаланатынын ескертті. Осыған байланысты Қырғызстан ІІМ күмәнді хабарландырулардағы сілтемелерге өтпей, қандай да бір төлем туралы ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруге кеңес береді.


