Құрылтай сайлауы: ОСК сайлау науқанының күнтізбесін бекітті

Фото: ОСК
Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызға белгіленген Құрылтай сайлауына дайындық пен оны өткізудің күнтізбелік жоспарын бекітті, деп хабарлайды NoFake.kz
Жоспарға сәйкес:
2–13 шілде – партиялық тізімдерді ұсыну;
23 шілдеге дейін – партиялық тізімдерді тіркеу;
23 шілде – 22 тамыз – сайлауалды үгіт-насихат кезеңі;
2 тамыз – сайлаушылар тізімдерін учаскелік комиссияларға тапсыру;
7 тамыздан бастап – азаматтар өздерін сайлаушылар тізімінен тексере алады;
22 тамыз – тыныштық күні;
23 тамыз – дауыс беру күні өтеді.
Еске салайық, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде күшіне енді. Осыған байланысты бүгіннен бастап Мәжіліс пен Сенаттың өкілеттігі тоқтатылып, қос палаталы Парламент өз жұмысын аяқтады.
Бұған дейін хабарланғандай, Президент бір ай ішінде жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай сайлауын тағайындауы тиіс. Ал сайлау Президенттің тиісті жарлығы жарияланған күннен бастап екі ай ішінде өткізілуі қажет.


