NoFake

«Қостанай облысында ауылдар жаппай жабылып жатыр» — Әкім

6948ca988ce41052846835

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде ауылдардың жаппай жабылып жатқанын растады, деп хабарлайды nofake.kz/. 

Өңір басшысы журналистің тек 2023 жылы облыста 25 ауыл жабылғанын, оның ішінде шекарадағы тек Қарабалық ауданында 9 бірдей ауылдың таратылғанын растады. 

«Жапқанымыз рас. Өйткені 3 жылда адам саны азайса, сосын 50 адамнан аз адам тұрса, ол міндетті түрде жабылатын болады. Сондықтан әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарына, су, жылу, жол мәселесіне тиісті қаражат бөлінбейді. Себебі процесс солай. Үш жыл қараймыз, егер адам саны 50-ден азайса, ауыл міндетті түрде жабылатын болады», — деді әкім. 

Айта кетейік, бүгін облыс басшысы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте өңірдің даму көрсеткіштері жайлы брифинг өткізді. 

Оқу үшін