NoFake

Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы әскери техниканың қозғалысын түсіндірді

Gluster 2020 10 30 7d45ac63178dee482a7eefdae073ac70 original.541928

Фото: Министерство обороны РК

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери техника өңірдегі полигондардың біріне бағытталған. Онда артиллериялық бөлімшелердің оқу-жаттығу сабақтары өтіп жатыр, деп хабарлайды NoFake.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тараған Маңғыстау облысында әскери техниканың қозғалысына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.

Ведомствоның хабарлауынша, техниканың қозғалысы жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр және жауынгерлік дайындық шараларымен байланысты.

«Әскери техниканың қозғалысы Маңғыстау облысындағы полигондардың бірінде артиллериялық бөлімшелердің оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге байланысты. Мұндай қозғалыстар дала жаттығулары мен оқу жиындарын ұйымдастыру кезінде қалыпты тәжірибе болып саналады», — деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ ведомство әлеуметтік желі қолданушылары мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпарат таратпауға және ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Оқу үшін