NoFake

Қонаевта жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

gluster 2025 12 18 aa6b0db6116d9d3733b1c03d683fd386 1280x720

Фото: Gov.kz

Қонаев қаласында 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қатты желдің (жел екпіні 25 м/сек-тен асты) салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырлары зақымданып, көше жарығының бағаналары істен шықты. Осыған байланысты әкімдік төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына («Азаматтық қорғау туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдар) сәйкес, Қонаев қаласының әкімі табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. 17 желтоқсаннан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай ресми түрде жарияланды.Төтенше жағдай резервінен бөлінген қаражат есебінен зақымданған нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі», — делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, 11 желтоқсаннан бастап қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі таңда Қонаев қаласындағы жағдай тұрақты: электр энергиясы, ауыз су және жылумен қамту жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Оқу үшін