Телефонды жаңа деп алдап сатқанды қалай анықтауға болады

NoFake
Онлайн сауда дамыған заманда кейбір кәсіпкерлер қулыққа барады. Қолданылған тауарды қайта қораптап, жаңа өнім ретінде сатады. Әсіресе бұл жағдай смартфондарға қатысты жиі кездеседі. Қорабы жап-жаңа, сырты ашылмаған сынды, бәрі мінсіз көрінеді. Бірақ ішіндегі құрылғы әлдеқашан қолданылған болуы мықтимал. NoFake смартфонның жаңа не ескі екенін қалай ажыратуға болатынын түсіндіреді.
Мұндай жағдай кез келген тұтынушының басынан өтуі әбден ықтимал. Тапсырыспен келген телефонды қуана ашып, орнату барысында оның бұрын қолданыста болғанын немесе кепілдігінің әлдеқашан басталып кеткенін анықтау қиын емес.
1-қадам. IMEI кодты немесе серия нөмірін табыңыз
Телефон мәзірінен немесе қорабынан телефонның IMEI кодты немесе серия нөмірін қараңыз.

2-қадам. Брендтің ресми сайтына кіріңіз
Мысалы, Apple, Samsung, Xiaomi сияқты компаниялардың сайтында арнайы тексеру бөлімі бар. Сол жерге смартфонның IMEI кодын немесе серия нөмірін енгізіңіз.

3-қадам. Мәліметті қарап шығыңыз
Сайт сізге құрылғының қашан алғаш іске қосылғанын, кепілдіктің қашан басталғанын және модель туралы нақты деректерді көрсетеді. Егер іске қосу мерзімі бұрын басталған болса, демек телефон жаңа емес.

Сақ болыңыз!
Егер сатушы телефонды «жаңа» деп ұсынғанымен, қорапты өзіңізге ашқызудан бас тартса, бұл да күдік тудыруы керек. Әрқашан құрылғыны тексеріп, IMEI код арқылы растаңыз.
Онлайн сауда ыңғайлы болғанымен, сақтық ешқашан артық емес. Бар болғаны бірнеше минут уақытыңызды тексеруге арнап, смартфоныңыз туралы қадетті ақпаратты алыңыз.


