«Қазпошта» ескертеді: SMS-код пен жеке деректерді ешкімге айтпаңыз

Фото: Пресс-служба АО «Казпочта»
«Қазпошта» АҚ өз клиенттеріне түрлі мемлекеттік ұйым, соның ішінде пошта қызметінің атын жамылған телефон және интернет-алаяқтық көбейгенін ескертеді, деп хабарлайды nofake.kz/.
Компания ешқашан телефон, мессенджер немесе әлеуметтік желі арқылы:
SMS код
банк картасының деректерін
PIN-код пен құпия сөзді сұратпайды.
Клиенттермен барлық операция тек qazpost.kz ресми сайты, QazPost.kz мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде байланыс бөлімшелерінде жасалады.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде алаяқтар өздерін курьер немесе компания қызметкері ретінде таныстырып, «жеткізуді растау» деген сылтаумен SMS-кодты сұрағаны анықталды. Олардың мақсаты — азаматтардың дербес деректеріне қол жеткізу. 1414 нөмірі шын мәнінде ресми мемлекеттік сервис, алайда «Қазпошта» АҚ оны клиенттермен байланыс үшін пайдаланбайды. Қазпошта ресми SMS-хабарламаны 1499 қысқа нөмірінен ғана жібереді.
Компания азаматтарды қырағы болуға, яғни:
жеке деректерді және растау кодын үшінші тұлғаларға бермеуге;
күмәнді хабарламалардағы сілтемені ашпауға;
тек ресми ақпарат көзіне сенуге шақырады.


