NoFake

ҚазМұнайГаз Каспий құбырындағы дрондар шабуылына қатысты түсінік берді

Depositphotos 363028534 L

Фото: Depositphotos

ҚазМұнайГаз КҚК терминалында тұрған танкерге жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылын ресми растап түсінік берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Компания мәліметінше, MATILDA танкері «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС тарапынан жалға алынған. Танкерге Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған болатын.

«13 қаңтар күні танкерге дрондар шабуыл жасап, жарылыс тіркелген. Алайда өрт шықпаған, экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Алдын ала тексеру нәтижесіне сәйкес, кеме теңізде жүзуге жарамды, құрылымында айтарлықтай зақым анықталмаған», — делінген ресми хабарламада.

ҚазМұнайГаздың хабарлауынша, қазіргі уақытта келтірілген залал көлемін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай бақылауда, қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланатын болады.

Еске салайық, 13 қаңтарда Қазақстан мұнайын тасымалдауға арналған екі бірдей танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы шабуыл жасалғаны белгілі болды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мәліметінше, қазіргі уақытта қазақстандық мұнай Каспий құбыр консорциумы (КҚК) қуаттары арқылы Новороссийск қаласындағы бір ғана алыстатылған айлақ құрылғысы (ВПУ) арқылы жөнелтіліп жатыр.

Оқу үшін