NoFake

«Алматы – Қонаев» ақылы жолында кімдер тегін өте алады

DJI

Фото: ҚазАвтожол

«ҚазАвтоЖол» хабарлауынша, Алматы – Қонаев ақылы жол учаскесінде тегін өту құқығы тек Алатау қаласында тіркелген көліктерге беріледі, деп хабарлайды nofake.kz/.

Компанияның түсіндіруінше, мұндай шешім әкімшілік аумақтық өзгерістерге байланысты қабылданды.

«Бұған дейін Алматы – Қонаев ақылы учаскесі бойынша төлемнен Алматы облысының Іле ауданында тіркелген жеңіл көлік құралдары мен автобустар босатылып келген еді. Себебі аталған учаске осы аудан аумағы арқылы өтетін. Алайда әкімшілік-аумақтық құрылымдағы өзгерістерге байланысты жағдай жаңаша сипат алды. Алатау қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне, Автомобиль жолдары комитетіне және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға хат жолдап, Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына енгізілген өзгерістер нәтижесінде Алматы – Қонаев ақылы учаскесі енді Іле ауданының емес, Алатау қаласының аумағы арқылы өтетінін хабарлаған», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес Алматы – Қонаев ақылы учаскесінде тегін жүру құқығы көлік құралдары Алатау қаласында тіркелген пайдаланушыларға қолданылады.

«2026 жылғы 30 қаңтардан бастап ақы алу жүйесінде Алматы – Қонаев ақылы учаскесі бойынша төлемақыны есептеу кезінде Іле ауданының орнына Алатау қаласы енгізілді. Іле ауданында тіркелген жеңіл көлік құралдары мен автобустар үшін Алматы – Қорғас ақылы учаскесінде аудан шегінде тегін жүріп-тұру құқығы сақталады»,- делінген ресми хабарламада.

Ал ақылы жолдарды тұрақты пайдаланатын жүргізушілер үшін барлық санаттағы көлік құралдарына Алматы – Қонаев және Алматы – Қорғас учаскелері бойынша бір айлық немесе бір жылдық (1 АЕК) абонемент рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.

.

Оқу үшін