NoFake

Қазақстанда теракт туралы фейк таратқан ресейлік жасөспірім ұсталды

709900

Фото: Polisia.kz

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі (ІІМ) жастар арасындағы киберқылмыспен, соның ішінде теракт пен жарылғыш зат туралы әдейі жалған хабарлама – «swatting» деректерімен күрес аясында бірнеше азаматты ұстады, деп хабарлайды nofake.kz/.

ІІМ ата-аналар мен ұстаздарды балалардың интернет-активтілігін бақылап, мұндай «әзілдің» қауіпті екенін түсіндіруге шақырады.

«Тамызда Қазақстан ІІМ киберполиция қызметкерлері Чечен Республикасының ІІМ-мен бірлесіп, Қазақстанда терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқан Ресейдің кәмелетке толмаған азаматын анықтап, ұстады», – деді ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Аслан Үскенбаев.

2025 жылдың қыркүйек–қараша айлары аралығында ІІМ қызметкерлері теракт пен жарылғыш зат туралы әдейі жалған хабарлама таратуға қатысы бар бірнеше кәмелетке толмаған жасөспірім мен жастарды ұстаған.

Өндірістегі істер

9 қыркүйекте Балқашта 15 және 16 жастағы екі жасөспірім теракт туралы 63 жалған хабарлама жібергені үшін ұсталды.

14 қазанда Қазақстан ІІМ мен Ресейдің Саха Республикасы ІІМ бірлескен операциясы нәтижесінде Астана тұрғыны – кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Ол Ресей сегментінде ұлтаралық араздық тудыратын материалдар және екі елде теракт туралы жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінген.

25 қазанда Ақтауда 18 жастағы жергілікті тұрғын Telegram мессенджерінде «Актау» сауда орталығы минирленді деген жалған хабарлама жібергені үшін ұсталды.

14 қарашада Таразда мектептер мен ТРЦ-да үш жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған кәмелетке толмаған жасөспірім қолға түсті.

15 қарашада Ақтөбеде үш мектепте теракт туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірім ұсталды.

20 қарашада Астанада WhatsApp арқылы екі жалған хабарлама таратқан кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқу үшін