NoFake

Қазақстанда танымал шай маркаларынан қауіпті қоспалар табылды

G dViRb5ddo 800x480

Фото: vk.com

Елімізде қара шайдың бірнеше танымал маркаларының импортқа әкелінуі мен сатылуы тоқтатылды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шешім бақылау сатып алулар мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесі бойынша қабылданды.

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары «күн батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді. Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді», — делінген хабарламада.

Қауіпті заттар табылғандықтан келесі шайлар Қазақстанда импортқа әкеліне бермейді және сатылмайды:

“Апамның шәйі Premium gold” / Al-Hayat Golg / “БАЛҚИЯ Premium Gold”,

Sultan Suleyman / Pakistan tea,

Aje Onim,

Al-Jannat Premium,

Alfarah және тағы басқа маркалар.

Тұтынушыларға өнім таңдарда этикетка мен шығу тегіне назар аудару, кәсіпкерлерге заң талаптарын қатаң сақтау ұсынылды

Оқу үшін