NoFake

Қазақстанда саяси құрылым өзгереді деген қауесеттер — жалған

Closeup of gavel judgement concept

Фото: freepik.com

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бүкілхалықтық талқылауға шығарылуына байланысты әлеуметтік желілерде түрлі қауесет, жалған ақпарат және арандатушы мәлімдемелер кең таралып жатыр, деп хабарлайды nofake.kz/.

Мұндай жазбаларды Threads пен өзге де платформаларда аноним және фейк аккаунттар да жариялап жатыр. Жаңа Конституция жобасының мәтінінде демократиялық қағидаттардан бас тартуды немесе саяси жүйені өзгертуді білдіретін нормалар жоқ.

WhatsApp Image 2026 01 31 at 18.25.18
Скрин threads

Тараған тезистердің қатарында «ел диктатураға көшеді», «демократия жойылады», «монархия орнайды» деген сияқты мәлімдемелер бар. Алайда бұл тұжырымдар шындыққа сәйкес келмейді және Конституция жобасының мәтінімен расталмайды.

WhatsApp Image 2026 01 31 at 18.51.47

Жоба құжатының бірінші бабында Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені көрсетілген. Мемлекеттің ең жоғары құндылықтары — адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген.

Екінші бапта Қазақстанның президенттік басқару нысанындағы унитарлы республика болып қала беретіні, ал егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық және басқару нысаны өзгермейтін құндылықтар санатына жататыны жазылған. Құжатта монархиялық басқару формасы туралы ешқандай ереже жоқ.

Үшінші бапта мемлекет қызметінің негізгі қағидаттары бекітілген. Олардың қатарында адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдық диалогты дамыту және жалпыұлттық бірлікті нығайту бар.

Осылайша, жаңа Конституция жобасы мемлекет құрылымының қолданыстағы негіздерін сақтайды. Құжатта демократиялық қағидаттар, президенттік басқару нысаны және адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы бекітілген.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Конституцияның жаңа жобасында Қазақстан Республикасының атауы өзгертіліп, «Қазақия» деп аталатыны туралы жалған ақпарат тарап жатқаны жайлы жазған болатынбыз.

Оқу үшін