NoFake

Қазақстанда коронавирустың жаңа түрі шыққан жоқ

Фото: Depositphotos.com

Елімізде коронавирустың жаңа түрі тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидимиологиялық комитетінің инфекциялық ауруларды бақылау басқармасының басшысы Айгүл Катренова мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Әлеуметтік желілерде белгісіз вирус тарағаны туралы жазбалар көбейіп жатыр. Пайдаланушылардың айтуынша, бірнеше күн температура түспейді. Вирус жұқтырғандардың арасында балалар көп.

Осыған орай nofake.kz/ ҚР ДСМ санитарлық-эпидимиологиялық комитетінің инфекциялық ауруларды бақылау басқармасының басшысы Айгүл Катреновадан елімізде қандай вирус тарап жатқан сұрады. Маманның сөзінше, жұрттың күдігі негізсіз, Қазақстанда коронавирустың жаңа түрі тіркелмеген. 

«Жоқ, коронавирустың жаңа түрі анықталмады. Себебі үнемі эпидимиологиялық бақылау жүргізіледі. Оның арасында ПЦР-ден бастап, скринингке дейін бар», — деді маман. 

Бүгінде Қазақстанда ЖРВИ маусымы жүріп жатыр.

«Эпидимиологиялық бақылау аясында вирус түрлеріне лабороториялық зерттеу жүргізіледі. Олар міндетті түрде ЖРВИ, Covid және басқаларына тексеріледі. Қазіргі мәлімет бойынша 116 адам тұмау, 74 науқас коронавирус жұқтырған, қалған 60%-ға жуығы — риновиру. Бізде H3N2 деп қабылданатын, яғни «Гонконг» тұмауы бұрыннан тіркелген», — деді маман.

Оқу үшін