Қазақстанда ерлер мен әйелдердің ерікті неке одағын институт ретінде нығайту қажет – Тоқаев

Фото: Aqorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда елімізде неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда бекіту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды nofake.kz/.
Мемлекет басшысы мемлекеттің дәстүрлі мәдени құндылықтарды қорғап, адамгершілікке жат мінез-құлық үлгілерін насихаттауға қарсы тұруы тиіс екенін атап өтті.
«Бұл ретте мораль мәселелері бойынша мемлекеттік ресми ұстаныммен келіспейтін көзқарастары үшін ешбір жағдайда қылмыстық қудалауға немесе моральдық кемсітуге жол беруге болмайды. Мемлекеттің ұстанымын қарапайым формуламен түйіндеуге болады: әрбір азаматтың таңдау жасауға құқығы бар, бірақ өз таңдауын өзгеге күштеп таңуға ешкімнің құқығы жоқ. Біздің мемлекет барлық азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін берік қорғайтын болады», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай өтіп жатыр. Құрылтай барысында «Әділ сөз» қорының басшысы Мемлекет басшысынан медисауаттылықты арттыру үшін БАҚ-қа қолдау сұрады.


