NoFake

Қазақстанда бір топ бизон жүргені рас

Снимок экрана 2025 12 12

Скрин видеодан

Желіде Бұйратау ұлттық паркінде бір топ бизон жайылып жүрген видео тарады. Көпшілік бұл видеоға күмәнмен қараған. Себебі, бизон – Қазақстанда мекендемеуі мүмкін. Ұлттық парк аталған видео жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/. 

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бизондарды видеоға Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында түсірген. Десе де, жануарлар Бұйратау ұлттық паркіне тиесілі екені анықталды. Парк өкілдері бұл ақпаратты растады. 

«2020 жылы ЖШС мен ұйым арасындағы меморандум аясында паркке 10 канадалық бизон әкелінген. Қазір олардың саны көбейіп, популяциясы 26 басқа жетті. Олар маралдармен бірге 400 гектар аумақтағы қоршалған вольерге тұрақтаған. Ұлттық парктегі маралдардың жалпы саны шамамен 500 басты құраса, 61-і вольерде орналасқан. Бизондар туристерді тарту үшін әкелінген. Ал маралдар саны артқан сайын оларды табиғи мекендеу ортасына жіберіп, парк аумағында қайта бейімдеу жүргізіледі», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ұлттық парк 2011 жылы құрылған. Ол Ақмола облысының Ерейментау ауданы мен Қарағанды облысының Осакаров ауданында орналасқан. Ашық деректерге сәйкес, парктің аумағы шамамен 89 мың гектарды құрайды.

Оқу үшін