NoFake

Қазақстан 2026 жылы әлемдегі ең үздік 25 туристік бағытқа енгені рас па

Kazakhstan 7224338

Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Қазақстанның 2026 жылы әлемдегі топ-25 туристік бағытқа енгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды nofake.kz/. 

Онда Bloomberg Қазақстанды 2026 жылғы әлемдегі топ-25 туристік бағыт қатарына қосты деген ақпарат айтылған.

Спорт және туризм министрлігі бұл ақпаратты растады. Алайда, халықаралық Bloomberg басылымы пабликте көрсетілгендей жалпы Қазақстанды емес, тек Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне енгізген.

«Bloomberg Алматы қаласының туристік тартымдылығының тұрақты өсімін және оның жыл бойы сұранысқа ие бағыт екеніне назар аударады. Оның ішінде қалалық мәдениет, бай тарихи мұра, гастрономия және табиғи ландшафттарға жақындығы көрсетіледі», — деп түсіндірді ведомство өкілдері. 

Басылымның өзінде Алматы жайлы былай делінген: 

«Елдің ең ірі қаласының танымалдығы артып келеді және 2025 жылдың 9 айында рекордтық 2,5 миллион адам болған. Кейбірі алтын күмбезді Зенков соборын, дәмдеуіштер, бал және жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Жасыл базардың сауда қатарларын көру үшін келеді. Басқалары қаланың бетон құрылысы артында менмұндалайтын Іле Алатауы тауларындағы тау шаңғысы беткейлеріне және Альпі көлдеріне қарай бет алады», — деп жазады басылым.

Беделді басылым Алматыдағы демалыстың маусымдық әртүрлілігіне де ерекше назар аударған. Мақалада қыс мезгілінде туристерге Шымбұлақтың тау беткейлеріне баруға кеңес берілген.

Туризм және спорт министрлігі Bloomberg-тің жыл сайынғы рейтингі туристік трендтерді сараптау, сала жаңалықтарын туризм саласындағы сарапшылармен талдауы негізінде қалыптастырылатынын атап өтті. 

Оқу үшін