NoFake

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына билеттерді заңсыз сатқандардың ісі сотқа жетті

Коллаж: nofake.kz/

Алматыда 2025 жылдың 30 қыркүйегінде өткен «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матчқа билеттерді заңсыз сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасы nofake.kz/ редакциясының ресми сауалына жауап бере отырып хабарлады.

«Алматы қаласында өткен «Қайрат» – Реал Мадрид матчына билеттерді заңсыз сату фактісіне сәйкес полиция департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған тергеп-тексеруді полиция департаментінің анықтау басқармасы жүргізуде», – делінген басқарма хабарламасында.

Басқарманың мәліметінше, тергеу қорытындысы бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда азаматтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес шағымдана алады.

2025 жылдың 30 қыркүйегінде Алматыдағы «Орталық стадионда» өткен «Қайрат» пен әйгілі испандық «Реал Мадрид» арасындағы жолдастық кездесу жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырған болатын. Матч билеттері сатылымға шыққаннан кейін бірнеше сағат ішінде таусылып, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттарында олардың бағасы бірнеше есе қымбаттап қайта сатыла бастаған. Кейіннен бұл жағдай қоғамда кең талқыланып, полиция мен жергілікті билік заңсыз билет саудасын анықтау үшін тексеріс бастаған еді.

Оқу үшін