NoFake

Қаңтардағы зейнетақы желтоқсанда төленеді деген ақпарат – фейк

Снимок экрана 2025 12 25

Фото: Depositphotos

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 2026 жылғы қаңтар айының зейнетақысы өсіммен бірге 2025 жылғы желтоқсанның соңына дейін төленеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз. Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері алушыларға 2026 жылдың қаңтар айында аударылады. Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық көлемде жүргізілді», — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Азаматтардан жеке деректердің таралып кетуін болдырмау үшін осыған ұқсас хабарламалармен бірге келетін күмәнді сілтемелерге өтпеуді сұраймыз.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы таратылады.

Оқу үшін