NoFake

Прокурор Аймағанованың атынан жасалған кезекті видео — дипфейк

Аймаганова.jfif

Фото: Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов

Интернетте «Қазатомөнеркәсіптің табысты жобасы» туралы жалған ақпарат тарататын видео пайда болды. Бұл жолы алаяқтар прокурор Айжан Аймағанованың танымал ақпараттық порталға берген сұхбатынан алынған кадрларды пайдаланып, түпнұсқа дыбысты өзгертіп жіберген, деп хабарлайды nofake.kz/.

Прокурор
Скрин видеодан

Желіде тараған видеода кадр сыртындағы дауыс өзін Bestnews.kz порталының тілшісі ретінде таныстырып, «Қазатомөнеркәсіпке» қатысты тергеу нәтижелері туралы «сұрақ» қояды. Порталдың бас редакторы Жанар Сердалина бұл бейнероликтің фейк екенін ресми түрде мәлімдеді. Ол редакцияда Аймағановадан «Қазатомөнеркәсіп» туралы сұхбат алған журналистер болмағанын атап өтті.

«Бұл – біз Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі кезінде түсірген Айжан Аймағанованың сұхбаты. Дипфейк жасаушылар, шамасы, біздің сутаңбасымен қорғалған видеоны алып, титрларды аударып жіберген. Кадр сыртындағы дауыс бізге таныс емес және біздің қызметкерлерге тиесілі емес», — деді Сердалина.

Астана прокуратурасы да таралып жатқан бейнематериалды фейк деп атады.

Оқу үшін