Полиция Талғардағы адам өлімі мен бала ұрлығын растады

Әлеуметтік желілерде алғаш тараған Талғардағы қайғылы оқиға туралы ақпаратты құқық қорғау органдары растады: ер адам қаза тапқан, ал оның жиенін күдікті алып кеткен.
Отбасының адвокатының айтуынша, бұған дейін марқұмның әпкесі автосервис қызметкерінің зорлық-зомбылық әрекетіне шағымданған. Отбасы күдіктіні өздері ұстап, полицияға тапсырған, алайда ол көп ұзамай босатылған. Кейіннен ол ер адамды атып өлтіріп, баланы ұрлап кеткен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті мен жәбірленуші бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Араларында жанжал шығып, күдікті жәбірленушінің ағасына мылтықтан оқ атқан. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Қылмыс жасаған соң ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктінің жеке басы мен орналасқан жері анықталды, оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді полиция.


