NoFake

Полиция Ақтөбеде «маньяк жүр» деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Скрин Instagram

Әлеуметтік желілерде Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылып, қалада маньяк жүргені туралы ақпарат тарады. Полиция бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Әлеуметтік желілерде екі адамның мәйіті табылды және қалада маньяк жүр деген шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр. Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция хабарлауынша, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай әрекет үшін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, бостандығын шектеу немесе белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Оқу үшін