NoFake

Париждегі Эйфель мұнарасы бұзыла ма

Әлеуметтік желіде Париждегі ең көрнекті туристік нысан бұзылады деген ақпарат тарады,  деп хабарлайды NoFake kz Euronews сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушылардың айтуынша Эйфель мұнарасы 2026 жылы бұзылады екен. Шындығында мұнара уақытша жабылған.  

Эйфель мұнарасы жабылады деген ақпарат қайдан шықты?

Қазанның басында Францияда 200-ден астам қала мен ауылда тұрғындар мемлекеттік шығындарды қысқартуға және байлардан салықты көбейтуге қарсы наразылық білдірді.

Парижде мыңдаған адам ұлттық ереуілге шыққан соң, қауіпсіздік үшін Эйфель мұнарасы бір күнге жабылды. «Ереуілге байланысты Эйфель мұнарасы жабық», — деп жазылды нысанның жанындағы белгіде.

Париж шынымен Эйфель мұнарасын құлата ма?

Ереуілден бірнеше апта бұрын сатирикалық жаңалықтар сайты мұнара бұзылып, оның орнына үлкен сырғанақ алаңы немесе концерт залы салынады деген мақала жариялады.

Осыдан кейін X желісінде жүздеген мың жазылушысы бар аккаунттар «дәуірдің соңы» деген жалған посттар тарата бастады.

«Әлемге танымал, 135 жылдан астам тарихы бар Эйфель мұнарасы 2026 жылы қызмет көрсету лицензиясының мерзімі аяқталғаннан кейін бұзылады» — деген  фейк пайда болды.

«Құрылым тозған, жөндеу жұмыстары қымбат және халық саны өсті – осы себептер ақылға сыймайтын шешім қабылдауға негіз болды» — деп те жазды.

Эйфель мұнарасы төңірегіндегі жалған ақпаратқа сенгендер де, «бұл фейк» деп күмәнданғандар да бар.

Эйфель мұнарасын басқаратын Société d’Exploitation de la Tour Eiffel (SETE) жалған ақпаратқа қатысты ресми жауап берген жоқ. Euronews Travel SETE ұйымынан пікір сұрады, — деп жазды Euronews.

Жыл сайын әлемге танымал мұнараны көруге миллиондаған турист келеді. Бұл – мемлекеттік субсидия алмайтын және Парижде 300-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған тарихи туристік нысан.

Оқу үшін