NoFake

«Отбасы банк» операторын алаяқтан қалай ажыратамыз

Коллаж: nofake.kz/

«Отбасы банк» қызметкері ме, алаяқ па? Жыл соңында банк операторлары жылдық сыйақыға ілінудің жолдарын айтып, өз клиенттеріне жиі хабарласады. Ал қазір телефонның ар жағындағы тұзаққа түсіп қалып жатқандар көп. Сондықтан nofake.kz/ «Отбасы банк» операторын алаяқтардан қалай ажыратуға болатынын анықтады.

Банк өкілдері «Отбасы банктің» колл-орталығынан операторлар клиенттерге қоңырау шалуы мүмкін екенін айтады.

«Әдетте операторлар депозит ашуға немесе тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік барын еске салу үшін қоңырау шалады. Жыл соңында, әсіресе, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сыйақы алу үшін депозитті толықтыру қажет екенін еске салатынымыз рас», — деді банк өкілдері.

Алдамшы қоңырау, жалған сыйақыдан сақ болыңыз. «Отбасы банк» операторларын алаяқтардан ажырату үшін мынаған мән беріңіз:

⁠ • Отбасы банкінің колл-орталық операторлары мессенджерлерді (WhatsApp, Telegram және т.б.) пайдаланбайды;
•⁠ ⁠⁠Олар AnyDesk, TeamViewer, HopToDesk, RustDesk және басқа да бағдарламаларды орнатуды ұсынбайды;
•⁠ ⁠Операторлар клиенттің мобильді қосымшаға немесе интернет-банкингке кіру үшін логин, құпиясөз және басқа деректерін сұрамайды.

Банк өкілдері «Отбасы банк» тарапынан келесі телефон нөмірлерінен қоңырау түсуі мүмкін екенін хабарлады:

? +7 705 925 1302 – депозит бойынша;
? +7 705 925 1303 – клиентпен кері байланыс (кеңес беру, депозит ашу);
? +7 705 925 1304 – несие рәсімдеу бойынша;
? +7 705 925 1307 – депозитті толықтыру бойынша;
? +7 705 925 1312 – депозитті толықтыру бойынша роботтың қоңырауы;
? +7 705 925 1306 – депозитті толықтыру, шотқа тыйым салу, берешек, тұрғын үй қарызы және басқа да мәселелер бойынша.

Банк қызметінің операциялық ерекшеліктеріне байланысты нөмірлер тізімі өзгеріп отыруы мүмкін.

«Алдағы уақытта телемаркетинг бағытының дамуына байланысты жаңа нөмірлер қосылуы ықтимал», — дейді банк өкілдері.

Оқу үшін