NoFake

Отардағы әскери бөлімде қылмыстық іс қозғалды — Әскери полиция

Фото: asker.kz

Гвардейск гарнизонының Әскери полициясы Отардағы әскери бөлімде қызметшіге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлайды NoFake.kz

Зардап шеккен мерзімді қызметтегі сарбаз жақ сүйегінен жарақат алған. Ол Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальға жатқызылды, медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Аталған факт бойынша материалдар Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы барларға, жарғыға қайшы әрекет жасап, жоғары тұрған қолбасшылыққа дер кезінде хабарламаған және медициналық көмек көрсетуде кемшілік жасаған лауазымды тұлғаларға құқықтық баға беріледі», — деді Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімінің бастығы Бақытжан Әбілдаев.

Тергеу кезінде әскери бөлімдегі бірқатар лауазымды тұлға қызметтік міндетін уақытша тоқтатты.

Тергеу қорытындысы бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Жағдай Қарулы Күштер басшылығының ерекше бақылауында.

Оқу үшін