NoFake

Ормуз – Иранның бағы ма, соры ма: Таяу Шығыстағы шиеленіске талдау

Коллаж: NoFake.kz

Таяу Шығыстағы жағдай тағы да ушығып тұр. Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс Ормуз бұғазы төңірегіндегі қауіптерді күшейтті. NoFake редакциясы Парсы шығанағындағы жағдайды және оның әлем экономикасына ықтимал әсерін талдап көрді.

Трамп Иранды жазалауға уәде беріп отыр. Бірақ келіссөз жүргізу мүмкіндігі әлі барын айтты. Ресми Тегеран оған көнбесе, онда зымыран шабуылын 4 аптаға дейін жалғастырмақ. Әрине, бұған Иранның көнгісі жоқ. Көсемдері аятолла Әли Хаменеи өлтірілгендіктен, «қанға қан» деп отыр. АҚШ-тың әскери базасы орналасқан БАӘ, Қатар, Бахрейн, Сауд Арабиясы сынды парсы шығанағындағы елдерге де зымыран тастап, қарымта жауап қайтарды.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани 2 наурыз күні X (бұрынғы Twitter) желісінде: «Біз АҚШ-пен келіссөз жүргізбейміз» деп мәлімдеді. Ал 4 наурызда Аятолла Моджтаба Хаменеи (марқұм Әли Хаменидің ұлы) Иран Ислам Республикасының жаңа жоғарғы рухани көсемі болып сайланды.

Иран АҚШ басқыншылығына “Ормуз бұғазын жауып тастаймыз” деп қорқытып отыр. Ормуз бұғазы — Иран мен Оман арасындағы тар теңіз дәлізі. Ол Парсы шығанағы арқылы Үнді мұхитына шығады. БАӘ, Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Бахрейн, Қатар және Кувейт мұнай мен газ экспорты тасымалдайды. Бұл әлемнің 20 пайыз шикізатына тең (тәулігіне 21 млн тонна).
Парсы бұғазынан АҚШ, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония мұнай алады. Егер бұғаз жабылса, дамыған елдердің экономикасына үлкен залал келеді.

Қытайдың Парсы шығанағындағы елдерден алатын мұнай:
🔹 Сауд Арабиясы – шамамен 1,58 миллион баррель/күн
🔹 Ирак – шамамен 1,28 миллион баррель/күн
🔹 БАӘ – шамамен 712 000 баррель/күн
🔹 Кувейт – шамамен 321 000 баррель/күн

Ормуз бұғазы жабылуының Қазақстанға әсері

Қазақстанға тікелей әсері жоқ, өйткені бұл өткелмен Қазақстан мұнай жібермейді. Бірақ Таяу Шығыстағы ахуал шикізат бағасына әсер етеді. Егер Ормуз жабылса, онда Brent баррелі 100–130 долларға, тіпті оптималдық жағдайда 300 долларға дейін өсуі мүмкін деген болжам бар. Ал Қазақстан бюджеті 2026–2029 жылдарға 70 доллармен бекітілген. Демек, табыс көруіміз мүмкін.

28 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қауіпсіздікті мейлінше күшейтуге тапсырма берген. Өйткені қаштығыстан мезі болған Иран халқы босып кетуі мүмкін. Бірінші кезекте олар Орталық Азияға ағылады. Ал Қазақстан мен Иран арасын Каспий теңізі ғана бөледі.
Ираннан босқындардың келуіне Қазақстан дайын ба?

Журналистердің бұл сұрағына Сыртқы істер вице-министрі 3 наурызда Үкімет қабырғасында жауап берді. Әлібек Бақаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Әрине. Мұндай хаттамалар бар. Мемлекеттік органдар өз құзыреті аясында қандай жұмыс жүргізу керектігін біледі. Бірақ тағы да ескерте кетейін: мұндай сұрау түскен жоқ, ондай сигналдар да жоқ. Мәселе біздің бақылауымызда. Қазақстан өзге мемлекеттердің ішкі қақтығыстарына араласпайды.

Иран мен Израиль қақтығысының бастауы

1979 жыл. Ислам революциясы бәрін өзгертті. Оған дейін Иран мен Израиль арасы тәуір-ақ болған. Бірақ революциядан кейін Иран патшалығы құлап, билікке аятоллалар келеді. Олар Израильді заңсыз мемлекет деп жариялайды. Міне, содан бері қақтығыс өршімесе, басылған жоқ.

Иран мен Израиль қақтығысына АҚШ неге араласады?
АҚШ — Израильдің басты стратегиялық серіктесі. 2018 жылы сол кездегі Президент Дональд әкімшілігі Иран мен АҚШ Joint Comprehensive Plan of Action (JCPOA) ядролық келісімін бұзады. Өйткені ресми Тегеран астыртын өз ядролық қаруын жасауда деген
күдік туады. Сөйтіп АҚШ Парсы шығанағындағы бірқатар араб елінде әскери база ашады.
Бірақ МАГАТЭ ядролық қарудың барын ресми жоққа шығарды.

Бұл жанжалға АҚШ-тың араласуының тағы бір себебі — Ормуз бұғазы. Өйткені ол Иранның басты қаруы. Елдің айтарлықтай әскері мен қаруы жоқ. Бірақ әлем саудасын басқарып отырған бұғазы бар. Дегенмен Ормуз бұғазы – Иранның өзіне де кері әсер етуі мүмкін. Өйткені оны жапса, басты клиенті Қытай ашуланады.

Ормуз бұғазы жабылуының әлем экономикасына әсері

Коллаж: NoFake.kz

Иран бұғазын жабады. Әлемдік мұнай саудасы құлдырайды (тәулігіне 7–8 млн баррель мұнай). Мұнай тапшылығы Brent бағасының өсуіне әкеледі. Демек, логистика қымбаттайды. Ал мұның арты тауар өндірісінің шарықтауына әкеледі. Сөйтіп, әлемдік инфляция өседі. Ал бұл Халықаралық банктердің инвестиция пайызын өсіреді. Бұл экономикалық рецессияға апаратын жол.

Айта кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдай ушықса, Қазақстан босқындар толқынына дайын ба деген тақырыпты сарапшылармен талдаған болатынбыз.

Оқу үшін