«Өлі деген қыз, тірі болып шықты»: Израилдік телеарна жалған ақпарат таратқан

Фото: Press.Tv
Израиль телеарнасы қаза тапты деп жариялаған бойжеткен тірі болып шықты, деп хабарлайды nofake.kz/.
Дүйсенбі күні Израильдің 12-арнасы «Ирандағы наразылықтар кезінде төрт еврей қаза тапты» деген тақырыппен хабар таратқан. Хабарда оны Саназ Джавахериан есімімен таныстырып, Иранның қауіпсіздік күштері қолынан қаза тапқаны айтылады.
Алайда «қаза тапты» деген қыздың шын есімі — Ноя Цион және де ол Израиль азаматы. Бойжеткен мемлекеттік телеарнаның оның фотосын пайдаланып, жалған есіммен жалған ақпарат таратқанына таң қалып, Instagram желісіне видео жариялайды.
«Мен ешқашан өз өмірімде мұндай жағдай болатынын ойлаған емеспін…Мен осындамын, мен тірімін, үйде отырмын, жарты сағаттан кейін жаттығуға барамын. Мен ешқашан Иранда болмағанмын » — деді Ноя видеоүндеуінде.
Нояның әкесі бұл жағдайға әзілмен қарады. Ол Facebook-тағы жазбасында шатасудың себебі қыздың Израиль актрисасы Нив Султанға ұқсауында болуы мүмкін деп жазды. Нив Султан «Тегеран» атты пропагандалық триллердегі рөлімен танымал.
«Мүмкін ол Нив Султанға ұқсайтын шығар немесе Нив Султан оған ұқсауы мүмкін. Олардың жаны жайлы болсын. Әйтеуір, біздің Ноямыз өткен аптада Тегеранда болмаған. Facebook-та жүздеген мың жазылушысы бар тролльге назар аудармаңыз. Олардың әрқашан серіктестері бар. 12-арна — ақымақтар арнасы», — делінген әкесінің жазбасында.
Айта кетейік, 12-арна әлі трансляцияға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.


