NoFake

Өзін-өзі қамтығандар салықты қалай және қайда төлейді

Фото: Freepik.com

Бүгін Орталық коммуникациялыр қызметі алаңында өткенде брифингте Мемлекеттік кірістер департаменті өзін-өзі қамтыған азаматтар салықты қалай және қайда төлейтінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, өзін-өзін қамтылған азаматтар «E salyq business» мобильді косымшасын пайдалана алады.

«Өзін-өзі қамтыған азаматтар қызмет көрсеткеннен кейін чектерді жинауы қажет. Ай соңында чектегі соманың жиынтық саны шығарылады, сосын одан 4 пайыз салық ретінде азаматқа төленуге шот жолданады. Егер азаматта жеңілдіктер болса, төлейтін салық сомасы аз болуы да мүмкін. Осылайша ай қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктердің қосымшалары немесе азаматтарға ыңғайлы өзге де жолдармен төлеуге болады», — деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті бұған дейін жаңа Салық кодексі бойынша биылғы жылдың екі айында қанша салық жиналғаны туралы ақпарат жариялаған еді.

Оқу үшін