NoFake

«Облыста Қытай азаматтары қаптап жатыр ма»: Жамбыл облысының әкімі жауап берді

7e3f0167 ef3c 46cb 81fb d3f2de5ac88a

Фот: Gov.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірде «Қытайдан келген жұмысшылар көбейіп жатыр» деген әлеуметтік желідегі қауесеттерге түсініктеме берді. Әкімнің айтуынша, ірі инвестициялық жобаларда шетелдік мамандар тартылған жағдайлар болғанымен, жергілікті кадрларды жұмысқа алу — басты талап, ал шетелдіктер тек Қазақстанда тапшы мамандықтар бойынша ғана шақырылады, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Бұл ретте енді ең бірінші қандай инвестор келсе де, жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу құрылыс кезінде, кәсіпорын іске қосылғаннан кейін тұрақты жұмысшы ретінде алуға талап қойып отырмыз. Екіншіден, біз ол ірі инвесторларымыздың барлығына біздің жергілікті құрылыс материалдарын алуға талап қойып отырмыз. Өзіміздің Қазақстанда шығарылған. Құрылыс кезінде де, жоба іске қосылғанда да бұл енді бақылауда ұстап отырмыз. Кейбір ірі жобалардың үздіксіз іске асуы үшін елімізде белгілі бір салалар бойынша маман тапшылығы кездеседі. Сондықтан инвесторлар кей жағдайда шетелдік жұмысшыларды тартуға мәжбүр болады. Дегенмен әкімдік бұл мәселені шешу үшін жергілікті кадрларды алдын ала даярлау жұмыстарын бастап кеткенін айтады. Мысал ретінде 3 млн тонна жүгеріні терең өңдейтін, заманауи технология қолданылатын зауыттың құрылысын айтуға болады. Қазақстанда мұндай бағыттағы инженерлер мен химик-мамандар аз болғандықтан, Жамбыл өңірінен бірден маман табу қиындық тудырады», — деді әкім.

Аталған мәселені шешу үшін әкімдік жоғары оқу орындары мен колледждермен меморандумдар жасап, алдағы бес жылда іске қосылатын ірі жобаларға қандай мамандар керектігін анықтап, кадр даярлау процесін қазірдің өзінде бастап кеткендерін алға тартты.

«Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша облыстағы 30 жұмыс берушіде 2618 шетел азаматы жұмыс істейді. Оның ішінде 19 компанияда 935 Қытай азаматы бар. Әкімдік тарапынан 735 шетелдікке рұқсат берілді, ал қалған 1833 маман инвестициялық келісімшарттар негізінде тартылған. Мұндай келісімдерде егер Қазақстанда қажетті маман тапшы болса, белгілі бір санаттағы шетелдік мамандарды әкелуге мүмкіндік қарастырылған. Өңірде шетелдік жұмысшылар мен жергілікті тұрғындар арасындағы түсініспеушіліктің алдын алу үшін ең ірі сегіз кәсіпорынмен меморандум жасалып, арнайы алгоритм әзірленді. Тәлімгерлік пен стажировка жүйесі енгізіліп жатыр. Қазіргі таңда ірі жобалардың құрылысы мен іске қосу кезеңінде 170 жергілікті азамат өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Бұдан бөлек, 423 қазақстандық инвесторлардың есебінен біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Осылайша кадр даярлау мәселесі толық бақылауда», – деді ол.

Айта кетейік, брифинг барысында Ербол Қарашөкеев өңірдегі «Қазфосфатта» зиянды шығарындылардың шектен асқанына қатысты жауап берді.

Оқу үшін