NoFake

Нұрай Серікбайдың өлімі: Шымкентте экс-полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

gluster 2024 2 27 9268b74af523a8ca97e1d9f3e21ef22b original.144771

Фото: gov.kz

Шымкентте елді дүр сілкіндірген Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін бұрынғы полиция басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында ҚР ІІМ орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

«Аталған факт бойынша салғырттық белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Оны қылмыстық істі тіркеу және некеге мәжбүрлеу үшін, кінәлі тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жедел тарту бойынша тиісті шаралар қабылдамаған полиция қызметкерлеріне қатысты Ішкі қауіпсіздік департаменті тергеп жатыр», — деді ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.

Айта кетейік, Шымкентте 13 қаңтар күні Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдікті ұсталған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда аталған іске қатысты мәлімдеме жасаған еді. Содан кейін Шымкентте полиция департаментінің басшылары қызметінен босатылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Оқу үшін